Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оңы мен солы тағы бір сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Оңы мен солы тағы бір сөз болды

Облыста тілдер онкүндігінің ашылуына байланысты Ақмола медиа орталығында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин баспасөз мәслихатын өткізді.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл онкүндікті 9-18 қыркүйек аралығында өткізу белгіленген. Осыған орай, өңірде бірқатар кешенді іс-шаралар жоспарланған. Айта кететін болсақ, облыс көлемінде дөңгелек үстелдер, байқаулар, кітап көрмелері, пікір сайыс турнирлері мен әдеби-сазды кештер өткізілмекші.
Жиында осыны мәлімдеген басқарма басшысының сөзіне жүгінсек, ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі облыста 62 пайызға жетуі тиіс. Қазір жағдай  әрқилы болып отыр. Мәселен, облыста 171 балабақша бар болса, оның 52-cі ғана  қазақ тілінде білім беретін нысандар. Сондай-ақ, өңірімізде оқушыларды мемлекеттік тілде оқытатын жалғыз колледждің болуы да ойланарлық жағдай. Тілдерді оқыту орталықтары мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіріп, тәуір нәтижеге қол жеткізіп келеді. Мамандар мемлекеттік бағдарлама негізінде жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда. Жыл санап тыңдаушылар саны артып келеді. Оған қоса,  бұл орталықтардың он екісінде мемлекеттік тілді меңгеруге ниеті бар кез-келген азамат үшін тегін топтар ашылған.  2013-2014 жылдары қалалар мен аудандардың осы тұрғыдағы материалдық-техникалық базасын  нығайту мақсатында 15 томдық қазақ әдеби тілінің сөздігі сатып алынып, жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен кітапханалар жүйесіне таратылды.
Құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеу жөніндегі заңның шыққанына жеті жылдың жүзі болса да,  іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселесі әлі де болса ұзақ, табанды жұмыс істеуді қажет етеді. Тіл заңнамасының сақталуын бақылау нәтижесінде жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қолданыстағы заңнама бойынша көше бойында көз сүрінетін қате жарнамаларға тексеріс,  тек белгілі нысанға арыз-шағым түскен кезде ғана жүргізілуі мүмкін. Сондықтан, жарнама агенттіктерімен жұмыс істеу мәселесі қолға алынды. Олар жарнама мәтінінің аудармасы мен грамматикалық қателерін түзету үшін басқармаға жүгінеді.
Баспасөз мәслихатында осылайша тіл мәселесінің оңы мен солы қамтылып, журналистер қауымы басқарма басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қоя алды.

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар