Сарбаздар Ұлы Абайдың шығармашылығына бойлады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай апталығы» аясында іс-шаралар өткізілді. Биыл елімізде ұлы ақын, ғұлама ойшыл, философ, композитор, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілуде. Ұлы ақынның осы мерейтойына орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының барлық әскери бөлімдерінде «Абай апталығы» ұйымдастырылып, Абайдың шығармашылығын танып-білуге негізделген көптеген іс-шаралар өткізілуде.

Бұл игі істен 5510 әскери бөлімі де қалыс қалмай, жеке құрамның барлығы бірдей белсене атсалысты. Апталық аясында «Абай Құнанбаевқа – 175 жыл» бұрышы ұйымдастырылып, қабырға газеті шығарылды. Әскери қызметшілер арасында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтудан және әндерін орындаудан челлендж ұйымдастырылды. Қарағанды қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5451 әскери бөлімінен қабылдаған челленджді 5510 әскери бөлімі Петропавл қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөліміне жолдады.
Сонымен қатар, әскери бөлімде және оның жеке орналасқан бөлімшелерінде демалыс күні жоспарына сәйкес «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Әдеби-музыкалық кеште сарбаздар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады. Кеш барысында сарбаздар «Абай – ұлы ақын. Дала аңызы» атты деректі фильмді тамашалады. Әдеби кеш бөлімнің кітапхана бастығы, кіші сержант Берік Зайытовтың ұлы ақынға арналған кітаптар көрмесін жеке құрамға таныстыруымен аяқталды. Сондай-ақ демалыс күндері барлық бөлімшелерде рота командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен Абайдың балалық шағында сүйіп ойнайтын тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылды. Ойын жеңімпаздары бөлім командирінің атынан грамотамен марапатталды.
Апталықтың соңғы күні «Абай сағаты» тақырыбында ақпараттандыру сағаты өткізілді. Аталмыш іс-шараға әскери бөлімнің офицерлері мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері және сарбаздары қатыстырылды. Ақпараттандыру сағатына «скайп» әлеуметтік желі арқылы онлайн режимінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек қатысып, Абай шығармашылығының қазіргі қоғамдағы алатын орны, тәлім-тәрбиелік мәніне кеңінен талдау жасады.
Ұлы Абайдың шығармашылығы – рухани қазынамыз, мұрамыз, жәдігеріміз! Ендеше, қолда бар байлығымыз бен құндылығымызды жоғалтпас үшін хакім атамыздың өлең-жырларын, қара сөздері мен нақыл сөздерін әрдайым жаттап жүрейік, тәлім-тәрбие алып, санамызға сақтап жүрейік!

Бауыржан НҰРҒАЛИЕВ,
Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің лейтенанты.
Суретте: іс-шаралардан көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар