Қайырымдылықтың сауабы мол

Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеумен айналысып жатқан Аршалы аудандық ауруханасына тағы да көмек көрсетілді.

Бұл жолы, ауруханаға ақмолалық Жақыповтар отбасы 4 оттегі концентраторын тарту етті және аудандық мешіттің атынан тағы бір өкпені жасанды желдету аппараты табыс етілді. Аршалылық ақ халаттылардың індетпен күресте қол ұшын созған жомарт жандарға алғысы шексіз. Дәрігерлер алдағы уақытта пандемияны толық жеңген кезде бұл аппараттарды созылмалы өкпе ауруына шалдыққан науқастарды сауықтыру мақсатында пайдалануды жоспарлап отыр.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар