Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партияның ішкі іріктеу сайлауына дайындық мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Партияның ішкі іріктеу сайлауына дайындық мәселелері талқыланды

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов партия белсенділерімен праймеризге, яғни, партияның ішкі іріктеу сайлауына дайындық шаралары туралы онлайн форматта семинар өткізді.

–Праймериз өткізудің ережесіне сәйкес, партиялық тізімде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, ал, жастардың үлесі 20 пайыздан кем болмауы керек. Бұл жастар үшін зор мүмкіндік. Бүгінде «Nur Otan» партиясы жас отандастарымызды бас кадрлық резерв есебінде көреді, – деді Ғалым Бекмағамбетов.
Жалпы, праймеризге қатысушылардың және дауыс беруші партияластардың саны облыс бойынша 276 бастауыш партия ұйымынан 40 108 адамды құрайды.
Праймеризге дайындық кезінде облыста 248 дауыс беру орны анықталды. Облыстық және аумақтық филиалдардың жанында праймериз өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің және есептеу комиссиясының құрамы белгіленді. Шамамен 200 аумақта үш деңгейде көпшілік дебат өткізіледі. Онлайн форматта өткен семинар кезінде партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары кандидаттардың праймеризге қатысу тәртібін түсіндіріп берді.
–Праймериз қатысушылары үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кезде партия бағдарламасына назар аударғандары жөн, – деді бұл орайда, Ғалым Бекмағамбетов.
Айта кетейік, кандидаттарды тіркеу 17 тамызда басталып, 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихат жұмыстарына дайындыққа 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн беріледі. 7 қыркүйектен 3 қазанға дейін насихат жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде көпшілік дебат 14-30 қыркүйекте өтеді. Дебат праймериздің арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіліммен өткізіледі.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар