Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Байқаушылардың қатысуымен іріктеледі - АРҚА АЖАРЫ

Байқаушылардың қатысуымен іріктеледі

Өңірімізде қызметкерлерді мемлекеттік қызметке іріктеу конкурстары байқаушылар мен сарапшылардың қатысуымен өткізіліп келеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімдерінің барынша ашықтығы мен объективтілігі заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері облыс аумағында 1188 бос лауазымдарды иелену үшін конкурстар өткізілсе, оларға 911 үміткер қатысып, қорытындысына сәйкес 554 адам қызметке тағайындалды.
Үміткерлермен әңгімелесу барысында байқаушылар да қатысқанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әрбір кәмелет жасқа толған азаматы байқаушы бола алады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар конкурс өткізу кезінде сарапшыларды да шақыруда. Бұған дейін сарапшылар конкурстық комиссиялардың тек тар шеңберде мамандандырылған лауазымдарға әңгімелесу өткізу жөніндегі отырыстарына қатыса алса, бүгінгі таңда олар барлық санаттардағы лауазымдарды иеленуге өткізілетін әңгімелесу түрлеріне шақырылатын болады.
Сондай-ақ, конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ, персоналды іріктеу және ілгерілету бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары сарапшы ретінде қатыса алады. Оған қоса, сарапшылар әңгімелесуге қатысып, үміткерлерге сұрақтар қойып, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Сонымен қатар, әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарына түсіре алады.
Сарапшылардың конкурстық комиссиялардың отырыстарына қатысуы мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға әсер ететіндігі сөзсіз.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар