Биыл Италияда әлемдік деңгейдегі дәстүрлі «Marcialonga» шаңғы жарысы өткізілдi. Халықаралық бәсекеге таңдаулы 7000 спортшы қатысты.
Әлем назарындағы аса беделді жарыста Ақкөл ауданының ардагер тұрғыны, КСРО спорт шебері Игорь Алферьев 70 километрлік классикалық стильде өз жасындағы қатысушылар арасында алғашқы ондықтан көрінді. Бұл ірі жеңіс саналады.
–Мен 2013 жылдан бастап шаңғы спортымен айналыса бастадым. Қазіргі күні Ақкөлдегі «RC SharZhum» базасында өзімнің жас ізбасарларыммен бірге жаттығып жүрмін. Біршама жетістіктерім бар сияқты. Алайда, жасым ұлғайғанына қарамастан, үнемі алға жылжуға тырысамын. Мәселен, әлемдік «Master Worldlopet» нормасын орындау үшiн әр түрлi елдерде 10 марафонды жүгiрiп өту қажет. Қазіргі күні шетелдік жарыстарда жеті рет өнер көрсеттім,–дейді Игорь Александрович.
Саңлақ спортшының мақсатына жетуіне тілектеспіз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.