Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестициялық монеталарды айналысқа шығару туралы - АРҚА АЖАРЫ

Инвестициялық монеталарды айналысқа шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 17 тамызда 10, 20, 50, 100 және 200 және 500 теңге номиналдарындағы алтыннан және 1, 2, 5 және 10 теңге номиналдарындағы күмістен «2020 жылы соғылған «ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын айналысқа шығарды.
«ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарының дизайнында монеталардағы жазулар мемлекеттік тілде өзгертіліп, мүсіндік бейнелер жақсартылды.
Инвестициялық монеталар – 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтын және күміс монеталар. Олардың негізгі мақсаты – қаражатты инвестициялау және жинақтау.
Бүгінгі таңда инвестициялық монеталардың бірнеше ірі брендтері бар – «Крюгерранд» (Оңтүстік Африка), «Америкалық бүркіт» (АҚШ), «Вена филармониясы» (Австрия), «Панда» (Қытай), «Үйеңкі жапырағы» (Канада).
Қазақстанның алғашқы инвестициялық «ЖІБЕК ЖОЛЫ» монеталары 1996 жылы айналысқа шығарылды. 2009 жылдан бастап дизайнының өзгеруіне байланысты түрлі салмақ сипаттамалары бар «АЛТЫН БАРЫС» және «КҮМІС БАРЫС» инвестициялық монеталары шығарыла бастады.
Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері:
• шектелмеген таралымдар;
• «proof» технологиясы қолданылмастан дайындалады;
• монета жасалған металдың құны мен салмағына байланысты кіріс алу;
• Ұлттық Банк Сату және сатып алу ережелеріне1 сәйкес сатып алу монетадағы металдың салмағы бойынша есептелетіндіктен жағдайына (сызаттар, патина және т.б.) қарамастан кері сатып алуға қабылдайды;
• қосылған құнына салық салынбайды.
Алтын мен күмістен жасалған барлық номиналдардағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
«ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.
1«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысы

2020 жылы соғылатын «ALTYN BARYS» инвестициялық монеталарының бейнеленуі және сипаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылы соғылатын «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарының бейнеленуі және сипаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (7162) 55-18-09.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар