Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы

Бұл – ағзаның қызметін жақсартуға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту шаралары.

Медициналық оңалту шараларына емдік, физикалық, санаторлық-курорттық, операция және протездік-ортопедиялық көмек кіреді.
Әлеуметтік оңалту шаралары: мүгедекті өзін-өзі күтуге, тазалыққа, өзі жүруге үйрету, көмекші құралдар мен кресло-арбамен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, әлеуметтік мекемелерде көмек беру кіреді. Әлеуметтік оңалту шараларын мүгедектер мен қарттарға арналған интернаттарда, оңалту орталықтарында әлеуметтік бағдарлама бөлімінің мамандары атқарады.
Мүгедектер тегін орта білім алуға құқықты, әлеуметтік сараптама бөлімінің рұқсаты бойынша мүгедек балалар бірдей баға алған жағдайда жоғары және арнайы оқу орындарында білім алуға басқа талапкерлерге қарағанда құқығы басым. Денсаулығы нашар мүгедектер мектеп бағдарламасы бойынша үйде оқи алады.
Кәсіптік оңалту шараларына мамандық таңдау, мамандық алу, жұмысқа орналасу кіреді. Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша мекемелер мен кәсіпорындар жалпы жұмыс орындарының 3 пайызына мүгедектерді орналастыра алады.
Қазақстан Республикасының Мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңына сәйкес (12.04.2005 ж.),
мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасындағы шараларды бүкіл мекемелер мен кәсіпорындар орындауға міндетті.
Еңбек міндеттерін атқарумен байланысты жарақат алған, не кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектердің әлеуметтік және кәсіби оңалту бағдарламалары жұмыс берушінің қаражаты есебінен орындалуға тиісті.
Күлзайра АЙМҰРЗИНОВА,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау, әлеуметтік қорғау және көші-қон
департаментінің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар