Жаңа спорт кешені салынуда

Аршалы кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, кешенде шағын футбол, баскетбол, волейбол, күрес, жаттығу залдары мен бассейн жұмыс істейтін болады. Бүгінгі кезде нысанға инженерлік желіні тарту, ангар құрылысын монтаждау, әкімшілік корпустың қабырғасын тұрғызу, блок-модульді қазандықты монтаждау жұмыстары қолға алынған. Сонымен бірге, футбол алаңының асты құйылды. А блогында әрлеу, ішкі электрмен жабдықтау желісін тарту, бассейн және кәріз орналастыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, биылғы жылы облыста төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Бұл нысандарда спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар