Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бижан» кешені ет өңдейді - АРҚА АЖАРЫ

«Бижан» кешені ет өңдейді

«Бижан» ет өңдейтін зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл бірқатар өндірістік қуаттарды игеріп отыр. Облыс әкімі Сергей Кулагин осында болғанында мал соятын, шұжық және консерві жасайтын цехтар мен тоңазытқыш цехын аралап көрді.

Жұмысшылармен жүздесіп, өндіріс туралы әңгімелесті. Бұл зауыттың бір бөлігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын өздері өңдеген еттен жасалған консерві, шұжық және шикізат сатады. Қазір қасапханада ауысымына 20-30 бас ірі қара мал сойылуда. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде бұл көрсеткіш үш есе артып, жылына 5 мың тонна ет өңдеуге мүмкіндік туады екен. Өткен жылы 345 миллион теңгенің, ал, жыл басынан бері 236 миллион теңгенің өнімі сатылған. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 80 мың теңгені құрайды. Қазір мұнда Ресейдің Челябі қаласынан келген мамандар еңбек етуде. Консерві, шұжық өнімдері және шикізат өндірісі жобасының жалпы құны 1 миллиард 55 миллион теңгені құраса, оның 775 миллион теңгесін жеке меншік иесі салып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар