Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биік ғимарат қаланы көркейтті - АРҚА АЖАРЫ

Биік ғимарат қаланы көркейтті

9 қабатты бизнес орталығының ашылуы да облыс орталығы үшін үлкен оқиға. Ол қаланың  ең жайлы тұсы,  Абай көшесінің бойындағы орталық саябаққа қарама-қарсы орналасқан. Бизнес орталығының қызметкерлер мен клиенттер үшін 150 көлікке арналған автотұрағы бар.

Ал, ішіне келетін болсақ, ғимаратта 117 бөлме,  1 мәжіліс залы, 2 лифті бар, барлық бөлмелері ең заманауи өрттен сақтану, бейне бақылау, күзет дабылқаққыш құралдарымен жабдықталған. Ғимараттың  ішіндегі жүктерді төменнен жоғары қабаттарға жеткізу үшін Оңтүстік Корея елінде шығарылған панорамдық және жүк лифтері кез-келген адамның көңілінен шығады.
–Жоба бойынша ғимараттың құны 115,6 миллион теңгеге бағаланып отыр. Нысанды күтіп, баптау бойынша 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Бизнес орталығындағы бөлмелерді жалға беретін боламыз,–дейді орталық директоры Ғалымжан Қопышев.
Сонымен қатар, ғимаратта спутниктік теледидар желісі, қалааралық және халықаралық байланыс жүйесі, интернетке жылдам ену жағы да ойластырылған. Осы орайда,  ғимараттың тағы бір ерекшелігі, ол ішкі ауа температурасының бақылау жүйесінің италияндық компания шығарған орталықтандырылған желдеткіш және кондиционерлік жүйесімен, автономдық жылытумен жабдықталуында болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, кез-келген бизнес өкілі үшін жұмыс орнын осындай ғимараттан жалға алып тұру үлкен қуаныш болатыны анық.
Орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан өңір басшысы Сергей Кулагин өз сөзінде:
–Облыс орталығында бизнес ашып, кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге айрықша көңіл бөлінуде. Жергілікті атқарушы органдар қалалар мен ауылдық жерлерде оларға қолайлы жағдай туғызудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруда, – деп атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар