Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Білім күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Білім күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Құрметті оқушылар!
Жаңа оқу жылы басталды. Бұл біреулеріңіз үшін алғашқы, келесі біреулеріңіз үшін кезекті оқу жылы. Сіздерге жауапкершілікпен білім алып, белсенді болуларыңызды тілеймін. Ешқашан армандаудан жалықпаңыздар және мақсатқа жетуді тоқтатпаңыздар.
Біздің және сіздердің болашақтарыңыз, сондай-ақ облысымыздың, жалпы алғанда, еліміздің болашақ гүлденуі мен дамуы, бүгінгі күннің мектеп оқушылары мен студенттердің қолында. Сондықтан, сіздер әр күнді ұтымды пайдаланып, білімдеріңізді барынша молайтуға тырысуларыңыз қажет. Онсыз алға жылжу мүмкін емес.
Қашықтықтан білім алу форматы біздің өмірімізге енді және бүгінгі таңда онлайн оқыту – адамдардың барынша жұмылуына ықпал ететін қазіргі заманғы әлемнің талабы. Өткен оқу жылының соңында оқушылар мен мұғалімдерге үйренбеген жұмыс режиміне бейімделулеріне тура келді. Биылғы жылы коронавирус инфекциясының таралуына және жаңа оқу жылын онлайн режимде бастау туралы БҒМ шешіміне байланысты мәселелердің төңірегінде біз әрбір сәби мен жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға басты назар аудара отырып, оқу үрдісінің ұтымды қалпында сақталуыyына барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.Бұл ретте, біздің тарапымыздан оптикалық-талшықты байланыс желісін салу жұмысы белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, 36 елді мекеннің ішінен кеңжолақты және жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімділік 31 ауылда бар. Осы жуырда ғана, осы байланыс Шортанды ауданының Новоселевка, Жолымбет, Раевка, Новокубанка, Петровка, Андреевка және Пригородное ауылдарында пайда болды. 28 мемлекеттік мекеме мен әлеуметтік объектілер, оның ішінде 8 мектеп интернетке қосылды. Қазіргі уақытта, Қызылағаш, Сепе, Сочинское, Бестөбе және Изобильное кенттеріне желі жеткізілуде.
Біздің оқытушыларымызға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, тәжірибелеріңіз, оқытудың заманауи әдістерін қолдануларыңыз – өңірдің білім беру жүйесінің сәтті дамуының кепілі. Сіздердің еселі еңбектеріңіздің нәтижесінде Ақмола облысының білім сапасы жоғары бағаға ие болып келеді. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа оқу жылында көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жұмыстарыңыз жемісті және қызықты болып, шығармашылық табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар