Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нақтылыққа негізделген реформалық құжат - АРҚА АЖАРЫ

Нақтылыққа негізделген реформалық құжат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы қазіргі күрделі кезеңдегі реформалық құжат саналады. Мұндағы басты қағида дағдарысқа қарсы шаралардың нақты ашып көрсетілуі және алға қойылған міндеттердің орындалу жолдарының айқындалуында деп білеміз.

Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан бүгінгі күні биік мақсаттағы реформаларға тың серпін берілуі керек. Жолдаудың өзара тығыз байланысты 10 тарауы осынау міндеттерді саралай көрсетуімен құнды. Мұндағы темірқазық ұстаным – мемлекетті қуаттандырып, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту, денсаулығын қорғау болып табылады. Президент бұл орайда тікелей өзіне бағынышты стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі мен осынау бағыттағы түпкі шешімдерді қабылдайтын президенттік Жоғары кеңесті құрып отыр. Ал, Агенттік құрамына статистика жөніндегі Комитеттің қосылуы жылдам өзгерістегі жағдайларға объективті баға беруге септеседі.
Кешенді реформа тәжірибе сынақтарынан бастау алады. Сондықтан, жоспарлаудың да мәні өзгеріске түспек. Жолдауда жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған бағдарламалардың сипатына жаңаша бағам жасалды. Мемлекеттік жаспарлау адами ресурстардың белсенділігін арттып, көл-көсір міндеттемелерге түзілген бағдарламалардың ұлттық, жалпыға түсінікті жобалар сипатын алуын көздейтіні көңілден шығады.
Мәселен, пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Президент Жолдауының өзекті мәні әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалуға құрылуы міндеттер өрісін кеңітумен қатар, жаңа үрдістерді де алға тартуда. Яғни, Мемлекет басшысы атап өткендей, «мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек».
Республикамызда барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделе бастады. Мұның қайтарымын да көріп отырмыз. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатыны айтылды. Бұл бағытта Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жалғасатыны ел тұрғындарын серпілтіп тастады. Осы мақсатқа да 2023 жылға дейін 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған.
Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Сондай-ақ, Жолдау сапалық тұрғыдан мүлде жаңа ұлттық индустрияны қалыптастыру мақсатында жаңғыртылған заңнамалық негіз қажеттігін көздейді. Бұл үшін ортақ мақсат нақты көрсетіліп, жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жүйелі әрі біртұтас ұстаным болуына маңыз артылды. Осы арқылы сансыз көп жобаға қаражат жұмсау тоқтатылатыны сөзсіз.
Үкімет жаңа жекешелендіру жоспарын дайындайтын болады. Мұндағы мақсат мемлекет меншігінде тек әлеуметтік нысандар және мемлекеттің қауіпсіздігі мен қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін нысандар қалуы тиіс деген тұжырым қолдау табатыны анық. Өйткені, нарықтық экономиканың талабы осы ұстанымды қамтиды. Яғни, экономиканы, жалпы қоғамдық қатынастарды оңтайландыру уақыт үрдісіндегі қуатты қадам екендігі белгілі. Жалпы, Президентіміздің болашаққа негізделген Жолдауы жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін еселейтінін алға шығарып отыр.

Дәурен Әділбеков,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар