Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестициялық жобаларды іске асырғылары келеді - АРҚА АЖАРЫ

Инвестициялық жобаларды іске асырғылары келеді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің инвестициялық əлеуетімен танысуға келген Астана халықаралық қаржы орталығының исламдық қаржыландыру бойынша халықаралық сарапшылар кеңесінің мүшесі Шейх Хан Билал Ахмедті қабылдап, агроөнеркәсіп, туризм және сауда-саттық саласында екіжақты әріптестік қарым-қатынастар орнату мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу негізінен, танысып, мүмкіндіктерді саралау мақсатында өтті. Мәртебелі мейманмен бірге, кеңесшісі Вадим Шақшабаев та болды. Облыс басшысы мейманға өңіріміздің инвесторлар үшін қолайлы екенін жан-жақты айтып берді. Ермек Маржықпаев қонақтарға көздеген жобаларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
– Біздің облысымызда өндіріспен бірге ауыл шаруашылығы да қарқынды дамуда. Облыстың өзі еліміздегі астықты өңірлердің бірі саналады. Егіншілік саласында қолданылатын техникалардың 70 пайызға жуығы қазіргі заманғы алымдылығы жоғары ауыл шаруашылығы техникалары. Тұқымның сапасын жаңарту және жаңа технологияларды енгізу саласында да шетелдік ғалымдармен тығыз байланыс орнатылған. Иран, Ауғанстан сияқты елдерге астық экспорттаймыз. Осы ретте, біз шетелдік инвесторлардың өңір экономикасын, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қосып отырған үлесін жоғары бағалаймыз. Қолайлы инвестициялық ахуал құру біздің негізгі басымдығымыз. Сондықтан, сіздермен қай салада болмасын бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – деді облыс басшысы.
Өз кезегінде Шейх Хан Билал Ахмед мырза да шетелдің көптеген мемлекеттерінде жүзеге асырылып жатқан өз жобаларымен таныстыра келе, пандемияның салдарынан көптеген елдерді азық-түлік дағдарысы күтіп тұрғанына тоқталды. Осы ретте, аграрлық аймақ саналатын Ақмола облысында бірлескен инвестициялық жобаларды қолға алуға мүдделі екенін айтты. Кездесуде өңір басшысы мейманға облыстың өндіріс, агронеркәсіп және туризм салалары жайында қысқаша баяндай келе, болашақта нақты бір жобаны бірлесіп қолға алатындарына сенім білдірді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар