Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдау мұраты – еліміздің жан-жақты дамуы - АРҚА АЖАРЫ

Жолдау мұраты – еліміздің жан-жақты дамуы

Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға арналды.

Отырыста кеңес мүшелері маңызды құжатта айтылған міндеттерге қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, еліміздің алдағы кезеңге даму бағытын айқындап берген Президент Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
Кеңес отырысын жүргізген облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынтай Елубаев Президент Жолдауының басым бөлігі дағдарыстан кейінгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықты жан-жақты қолдауға және елдің әл-ауқатын арттыруға бағыттағанын, маңызды құжатта мемлекеттік басқару ісінің, экономикалық-саяси және әлеуметтік салалардың өзекті мәселелері қамтылғанын, соған сәйкес Үкіметке, Парламентке және өңірлерге тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті.
Осы ретте, Жолдаудың «Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі» деп аталатын бірінші бағыты бойынша сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бо-
йынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мемлекеттік басқаруды реформалау бүкіл мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарауды қажет ететінін айтты. Бүгінде мемлекеттік қызметке жаңадан білікті мамандар қажет. Осы орайда, Президент Жолдауында жастар кадрлық резервіне тағы да іріктеу жүргізу міндеті қойылған. Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік аппаратты қысқарту тездетіліп жүргізілуі керек. Департамент басшысы мемлекеттік аппаратты қысқартудағы мақсат салаға цифрландыру, жобалық басқару, мемлекеттік органдардың функционалды талдауы секілді жаңа тәсілдерді енгізуде деді. Қысқартылған орындардың есебінен қалған мемлекеттік қызметшілердің еңбекақылары өсіп, келер жылдан бастап, еңбекақы төлеудің факторлық-балдық шкаласы енгізіледі.
Жолдауда бизнесті дамытуға, қайта өңдеуге, өндірістік әлеуетті және ішкі нарықтың мүмкіндігін тиімді пайдалануға, медициналық қызмет сапасын көтеруге, азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, құқығын қорғауға зор көңіл бөлінгені тұрғысында «ХБК» Ақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Сәуле Соболевская, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жаров, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Олжас Сыздықов сөз алды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Болат Жанәділов кеңес мүшелерінің назарын Жолдауда айтылған міндеттердің орындалуын қадағалау керектігіне аударса, «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев еліміздің әрбір азаматы Жолдауда айтылған ұлттық болмыс мәселесіне мән берсе деген тілегін жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдаудың балаларға экологиялық білім беру, ауылдарды дамыту, жемқорлыққа жол бергендерге жазаны күшейтуге қатысты тұстары өте орынды екенін атап өтті.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар