1 қыркүйек – Білім күні Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады және менің ойымша, бұл Жолдауда мемлекеттік басқару құрылымы мен мемлекеттік аппаратты түбегейлі өзгертуге, шенеуніктік бюрократизмді жоюға нақты қадам жасалатынын айтты.
Президенттің бірыңғай білім беру интернет-платформасын құру туралы тапсырмасы бізді, республика педагогтарын ерекше жігерлендірді, бұл қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтың жұмысын әлдеқайда жеңілдетер еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындар саны кемінде 250 адам болатын барлық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету туралы тапсырмаға ерекше назар аударды.
Қоғамның адал, лайықты мүшесін тәрбиелеу – мұғалімдердің негізгі және басты міндеттерінің бірі. Президенттің мемлекеттік, бюджеттік қаражатты жымқырушылар үшін жаза мерзімін өтеуде бұған дейін жиі қолданылып, халықтың келіспеушілігін туғызып келген мерзімінен бұрын босату жөніндегі Қылмыстық-процессуалды Кодексінің баптарының күшін жою туралы ұсынысы көпшіліктің көңілінен шықты.
Жалпы, Президенттің Жолдауы Қазақстан азаматтарының тыныс-тіршілігінің барлық салаларын қамтыды, ал, мен өзімнің шағын пікірімде бірнеше бөлімге ғана тоқталдым. Президент лауазымындағы бір жыл мен бірнеше ай уақыт аралығында Қ.К.Тоқаевқа техногендік, кей кезде жасанды апаттарға, пандемияға қарсы тұруына тура келді, бірақ, осы катаклизмдердің барлығына қарамастан, Президенттің қалыптасқан жағдайды сенімді, нақты және объективті бағалайтыны, қойылған міндеттерді ешқандай үрейсіз шешу жолдарын ұсынғаны Жолдауында анық байқалады.
Егер республикамыздың әрбір азаматы өз үлесін қосып, сырттан бақылаушы рөлінде болмаса, біз, білім беру саласының қызметкерлері, Мемлекет басшысының белгіленген жоспарларының орындалатынына сенеміз.
Нұрлан ТӘЖИН,
Қорғалжын мектеп-гимназиясының директоры, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қорғалжын ауданының құрметті
азаматы, аудандық мәслихаттың
4 шақырылымының депутаты.