Праймеризге қатысушылар арасында дебат өткізіледі

Ақмола облысында «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылар арасында дебат өткізудің жеребесі тартылды. Өңірде алғашқылардың бірі болып жеребе тартуды Жақсы аудандық филиалы өткізді. Аудан бойынша праймеризге қатысуға тіркелген 39 кандидат 11 дебат алаңында кездеседі. Сөйтіп, мұғалім, кәсіпкер және ауыл шаруашылығы маманы бір аудитория-да елді мекендердің мәселелерін шешуге қатысты көзқарастарымен бөліседі.

Сонымен бірге, олар партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының сайлауалды тұғырнамаларын жүзеге асыру бойынша пікірлерін білдіреді. Бұл праймеризге қатысушыларды біріктіретін ортақ мақсат болмақ.
Партияның аумақтық филиалдарында арнайы жеребе тартуға арналған лотерея барабаны көмегімен сандарды таңдау жүзеге асырылды. Олардың саны жарыссөзге қатысушылардың санына сәйкес келді.
Сонымен қатар, партия мүшелері бірінші рет үміткерлерге жеребе тартудың баламасын қолданды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының Көкшетау қалалық филиалының Zoom конференциясындағы пікірсайыстарға қатысушылар дебаттың орыны, күні мен уақытын тізімде кездейсоқ қалай бөлінгенін тікелей байланыста онлайн бақылай алды.
– Жеребе тарту процесіне келетін болсақ, барлығы қысқа мерзімде жасалды. Орындарды бөлуге бес минуттай ғана уақыт кетті. Праймеризге қатысушылар барлығын онлайн көріп отырды,– деп түйіндеді жеребе тартуды ұйымдастырушылардың бірі, Көкшетау аумақтық филиалының кеңесшісі Ислам Байрамов.
Барлық жерде жеребе тарту қабылданған нормаларға сәйкес, ашық және заң бұзушылықсыз ұйымдастырылды.
Облыста барлығы 854 праймеризге үміткер тіркелсе, олар 222 топқа бөлініп, дебатқа қатысады. Әр топта 3-тен 6-ға дейінде батқа қатысушылар бар. Ақмола облысы бойынша 200-ге жуық пікір сайыс алаңдары анықталды.
Дебат 14-30 қыркүйек аралығында өтеді және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі. Партияның партия ішілік сайлауы 1 мен 3 қазан аралығында өтеді, сайлаушыларға дауыс беру – онлайн форматында жүргізілмекші.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар