«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық және барлық қалалық, аумақтық филиалдарында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша республикалық акция өткізіледі.
Акция шеңберінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын және Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар халыққа жұмыспен қамту бағдарламаларының тетіктері мен шарттарын кеңінен түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамсыздандырылғандарды тарту жұмыстарын жүргізеді.
Акция барысында азаматтардың сұрақтары мен өтініштеріне партияның облыстық және аумақтық филиалдарының қызметкерлері, жұмыспен қамту орталықтары, «Есіл» ӘКК» ҰК, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілдері жауап береді.
Аталмыш іс-шара 16 қазанда сағат 10.00-ден сағат 13.00-ге дейін өткізіледі. Акцияға келем деушілерге есік ашық. Біздің мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 117, №5 бөлме. Байланыс телефоны: 8 (716 2) 25-63-93.