Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХVІІ форумына дайындық барысымен танысты. Министрлердің өңірімізге сапарында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.
Үкімет делегациясы жұмыс сапарын Көкшетау қаласының әуежайымен танысудан бастады. Мұнда олар облыс және қала әкімдерімен бірге, әуежай ғимаратын, қонақ үйін және олардың айналасын көріп шықты.
Одан әрі делегация «Болашақ» сарайында болып, оның құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ, форум өтетін орындар мен бизнес қауымдастық өкілдерінің көрмесі орналасатын павильондар бойынша мәселелер қарастырылды.
Министрлерді Қопа көлінің жағалауындағы құрылыстың, Назарбаев даңғылындағы жаңа шіркеудің, ашық аспан астындағы амфитеатрдың құрылыстарының барысымен қала әкімі Амангелді Смайылов таныстырды.
Жұмыс сапарларының соңында министр-лер «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цехын аралап көрді. Серіктестік директоры Серік Керуенбаев халықты жұмысқа орналастыру, оларды бас-панамен қамтамасыз ету, жұмысшылардың балаларына бала бақшаның құрылысын жүргізу жоспары туралы айтып берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.