Он екі үміткерден Анар озды

Қазақстан халқы Тілдері күнін мерекелеу шеңберінде жыл сайын ұйымдастырылатын «Тіл шебері» облыстық онлайн-байқауында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранты Анар Таниева жеңімпаз атанды.

Облыста тілдер онкүндігі аясында жоспарланған бірқатар іс-шаралар жалғасын табуда. Қазақстан халқы Тілдері күнін мерекелеу шеңберінде жыл сайын «Тіл шебері» облыстық байқауын ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Аталмыш байқаудың мақсаты қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген жастарды анықтап, оларды қолдау.
Бұл жолғы байқауға 21-35 жас аралығындағы он екі үміткер қатысты. Қатысушыларды бағалау кезінде олардың тілді білу деңгейі, жауаптардың сапасы мен мазмұндылығы, дұрыс айтылуы мен жазылуы ескерілді. Полиглотты білім додасында Анар Таниева үздік шығып, жеңімпаз атанды, екінші орынды Айсара Қаппас иеленсе, жүлделі үшінші орын Әсел Қожыхановаға бұйырды. Облыстық байқау жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жалпы, байқауға қатысқан үміткерлердің барлығы да тілдерді жақсы меңгергендіктері байқалып тұрды. Дегенмен, жарыс болғандықтан, жүзден жүйрікті анықтау қажет. Алдағы уақытта байқаудың республикалық кезеңінде жеңімпаз атанған Анар Таниева облыстың намысын қорғайтын болады.
Ы.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар