Өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, өңірде жылу беру маусымына дайындық, өрттен туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы баяндады.

Брифингте облыс аумағында 2020-2021 жылғы жылыту маусымы кезінде жеке тұрғын үйлерде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында қолға алынған шаралар айтылды.
– Облыс аумағында көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне көміртегі тотығын анықтайтын – 1327 және 10 түтін детекторы орнатылды. Жыл соңына дейін көміртегі тотығын анықтайтын тағы 383 құрылғы орнату жоспарланып отыр, – деді Алексей Советов.
Жыл сайын жылу беру маусымы бас-талысымен өрт шығу қаупі де арта түседі. Адам өліміне әкеп соқтыратын тілсіз жаудың белең алуына негізінен мас күйінде темекі тұқылын дұрыс сөндірмеу, отты абайсыз пайдалану, пеш және электр желісі құрылғыларын қолданған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің дұрыс сақталмауы себеп болып отыр.
– 2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында 2 қыркүйектен 2 қазанға дейін Өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Айлық шеңберінде өткен тексеріс кезінде пеш, газ баллоны мен электр желісіне қатысты 2605 рет өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталды. Сондықтан, алдағы уақытта да біздің департамент тарапынан қалалар мен аудандарда өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатындағы жоспарлы кешендік жұмыстар жүргізіле береді, – деді департамент басшысы.
Брифингте айтылғандай, департамент тарапынан бұдан басқа атқарылған жұмыстар баршылық. Алайда, бүгінгі күні өрт сөндіру қызметі саласында мәселелер де жоқ емес. Оларды іскерлікпен шешу Мемлекет басшысы атап көрсеткен кемшіліктерден неғұрлым арылуға өз септігін тигізері анық.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар