Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сөз бен істің беріктігі керек - АРҚА АЖАРЫ

Сөз бен істің беріктігі керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Жолдауында көптеген мәселелерге тоқталды. Өзінің баяндамасын пандемиядан бастап, бұл уақытты сынақ кезеңі деп атады. 42500 теңге көмек туралы айтылды. Бұл жөнінде айта кету керек, осы қаржыға мұқтаж болған халықтың бәрі толығынан қамтылмады.

Пандемияға қарсы күреске дайын болған жоқпыз. Мамандардың, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен адамдар қайтыс болып кетті. Сондықтан, онымен алда белсенді күресуіміз қажет болады. Кешенді бағдарлама құрылғандығы, әлеуметтік төлемдерді төлету үшін 2023 жылға дейін 1 триллион теңге қажет екені мәлімделді. Осы ақшаның жұмсалуына есеп берілсе ғой.
Жолдауда мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, кадрлар саясаты, реформаларды нақтылау, мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы сұрақтар қозғалды. Екі жылдың ішінде мемлекеттік аппараттың 25 пайызға қысқартылатыны, үнемделген қаржыны жалақысы аз азаматтардың жалақысының артуына жұмсау туралы да сөз болғаны орынды.
«Ауыл – ел бесігі» атты бағдарлама арқылы ауылға, оның тұрғындарына назар аудару сөз жүзінен іс жүзінде көріне түссе екен. Егер зейнеткерлердің жиналған салымы көп болса, одан үй салуға, емделуге қаржы алуға рұқсат беріледі. 700000 салымшы осы мүмкіндікпен қолдана алады дегенде, соның механизмі дұрыс жасалса деген де тілек бар.
Ауыл шаруашылығы жөнінде жетістіктерден гөрі қиындықтар туралы айтылды, жердің сатылмайтындығы туралы ескертілді. Бұған да барынша қосыламыз.
Коррупция – көлеңкелі экономикамен күрес туралы да үлкен сұрау болуы керек. Жолдаудағы көрсетілген іс-шаралар өте дұрыс деп есептейміз, енді олар тек қағаз бетінде қалмай, жүзеге асырылса, нұр үстіне нұр болар еді. Білім саласында көп жылдар еңбек сіңіргендіктен, мені толғандыратын жағдай мынадай: тек қана шетел ғалымдарына сүйенбей, біздің ұлы данамыз Абайдың, Ахмет Байтұрсыновтың, Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне сүйенсек, яғни, шетел бағдарламасынан ананың сүтімен сіңген өз тілімізге, мәдениетімізге бетбұрыс алсақ, одан асқан ғанибет бар ма десеңізші!
Қашықтықтан оқыту жөнінде айтылса да, онлайн платформаның жоқтығы туралы мәлімдеме жасалды, сондықтан, бірыңғай онлайнды жасау қажет екені анық мәселе. 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз етілуі, балалардың барлығына бірдей мүмкіндік жасалуын тек құптау керек. Келесі жылдан мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтерілуі туралы айтылғанда, жоғары оқу орындарының оқытушылары да назарға алынса, жақсы болар еді. 1-4 сыныптардың оқушылары кезекші сыныптарда оқитындығы әрине, қуантады, мұнда тек санитарлық ережелер қатаң түрде сақталуы керек.
Медицина саласындағы қызметкерлердің белсенді еңбегі туралы айтылды, ол өте дұрыс! Президенттің Жолдауындағы тапсырмаларымен келісіп, олардың іске асырылуын тосамыз. Өзіміз де осыған белсенді үлес қосуымыз қажет.
Рашид МҰСАЙБЕКОВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің физика және математика кафедрасының академиялық доценті, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар