Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақыт жолы - АРҚА АЖАРЫ

Бақыт жолы

Достық үйінде «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Бақытты шаңырақ астында» атты  іс-шара болып өтті.

Онда сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Айна Мүсірәлімова Елбасының «Бейбітшілік – әке болу, ана болу қуанышы, ата-ананың және балаларымыздың денсаулығы» деген сөзін тілге тиек ете келе,   30 жылдан астам уақыт бірге қол ұстасып, 5 бала, 8 немере сүйіп отырған Ташевтар, шаңырақ құрғандарына 44 жыл толған Михельдер, 26 жыл бір шаңырақ астында тұрып, екі бала тәрбиелеген Ишханяндар отбасын Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы» өкілдігінің жетекшісі Виктор Нефедов бірқатар отбасыларға «Махаббаты мен адалдығы үшін» медалімен, бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұл күні Көкшетау қаласының АХАЖ бөлімінде заңды некеге отырған  жас жұбайлар да мерекелік іс-шараға қатысып, аға ұрпақтың ақ батасын алды.
Мұсылман әйелдер лигасы жас жұбайларды шаңырақ көтерген күнімен құттықтап, шашу шашты. Шара соңы мерекелік  концертке ұласты.

Динара ЖӘМШИТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар