Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Tengri Bank» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы - АРҚА АЖАРЫ

«Tengri Bank» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 80 қаулысына сәйкес, «Tengri Bank» АҚ-ты (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берген лицензиядан айыру туралы шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 7, 15 тармақшаларына сәйкес, мыналар лицензиядан айыруға негіз болды:

– пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;

– қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;

– уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын банктің банк холдингінің орындамауы.

ҚР банк секторының жиынтық активтері мен міндеттемелерінде Tengri Bank активтері мен міндеттемелері үлесінің аз болуына (0,3%) байланысты банкті лицензиясынан айыру тұтастай алғанда банк жүйесіне тәуекелдер туындатпайды.

Банктің қаржылық жағдайының нашарлауы несие портфелі сапасының төмен болуымен байланысты. Проблемалық кредиттердің негізгі бөлігі 2015 – 2017 жылдардағы кезеңде Банктің қазақстандық акционерлерімен байланысты тұлғаларға берілген, олардың үлесіне банктің несие портфелінің 58 пайызы тиесілі. Несие портфелінің 83 пайызын құрайтын қайтарымсыз қарыздар үлесінің жоғары болуы қаржы институтының активтері сапасының нашарлауына әкеп соқты.

2020 жылдың басынан бері банкте клиенттер қаражатын жаппай әкетті, ол банктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етудің мүмкін болмауына әкеп соқты. 2020 жылғы наурыздан бері Tengri Bank төлемдер мен ақша аударымдары бойынша шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындаған жоқ.

Қаржылық жағдайының нашарлауы жағдайында Агенттік банкке және оның ірі акционеріне қатысты 11 қадағалап ден қою шарасын қабылдады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 хаттама жасады.

Банктер туралы заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес банктің ірі қатысушылары банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін талап етілетін деңгейде қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 2020 жылғы наурызда Агенттік Банктің ірі акционеріне қатысты 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде 23 млрд теңге сомаға үстеме капиталдандыру жөніндегі талап түрінде мәжбүрлеу шарасын қабылдады, ол орындалған жоқ.

2020 жылғы сәуір-маусымда Punjab National Bank 16,9 миллиард теңге сомаға қорландыруды қамтамасыз етті, ол банктің клиенттері алдындағы міндеттемелерін азайтуға пайдаланылды. Реттеуші тарапынан күшейтілген қадағалау режимінің шеңберінде проблемалық қарыздарды қайта қаржыландыру және өндіріп алу жөніндегі шаралар қабылданды, соның нәтижесінде банктің міндеттемелері 26,4 миллиард теңгеге төмендеді.

Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің болмауы және банктің мажоритарлық және миноритарлық акционерлері арасындағы ішкі корпоративтік даулардың сақталуы да банктің қаржылық жағдайының нашарлауын қиындата түсті.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соққан Банк акционерлері мен менеджментінің әрекетіне құқықтық бағаны тиісті органдар беретін болады.

Акционер тарапынан банкті үстеме капиталдандыру ниетінің болмауына байланысты Агенттік банкті лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады.

Тengri Bank жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, осыған байланысты «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚДКҚ) депозиторларға кепілдікті өтемақы төлейтін болады.

Банк салымшыларының, жеке тұлғаларының 99 пайызының депозиттері толық көлемде ҚДКҚ-ның кепілдігімен өтеледі.

Банктің клиенттері жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер.

Өтемақы ұлттық валютада төленетін болады және оның сомасы:

– теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн теңгеден;

– ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 миллион теңгеден;

– шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеден аспауға тиіс.

Клиенттерге өтемақы салымшылардың агент-банкте және басқа банктерде ашылған банк шоттарына есептеу жолымен, сондай-ақ агент-банктегі қолма-қол ақшаны алу арқылы 2020 жылғы қазанның бірінші жартысында басталады.

Агенттік Төрағасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 360 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық

басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жұмыс істейтін болады. Уақытша әкімшіліктің жетекшісі болып Агенттіктің қызметкері Огай Оксана Дмитриевна тағайындалды.

2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгінеді.

Сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап, банкті күтіп-ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге жағдайларды қоспағанда, кредиторлардың банкке талаптары тарату ісінде ғана ұсынылуы мүмкін.

Барлық сұрақтар бойынша «Tengri Bank» АҚ-тың уақытша әкімшілігіне мына телефон бойынша жүгінуге болады: +7 (727) 244-34-34; 3434.

БАҚ-тың байланысы үшін: +7( 727) 788104 ішкі 5602, email: press@finreg.kz, finreg.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар