Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үздіктері республикалық көрмеге жолдама алды - АРҚА АЖАРЫ

Үздіктері республикалық көрмеге жолдама алды

Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы әдебиет және өнер мұражайында үздік әлеуметтік жобалар көрмесі болып өтті. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Аталмыш көрме облысымызда осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Өткен жылы оған тоғыз жоба қатыстырылып, үздік шыққан Степногорск қаласындағы №4 балалар үйінің ұжымы республикалық сайыста «Көрермендер көзайымы» аталымына ие болған екен. Ал, биылғы шарада Степногорск, Көкшетау қалалары мен Атбасар, Жарқайың аудандарынан барлығы алты жоба көпшілікке таныстырылды. Олардың басым көпшілігі – өмірде қиын жағдайға тап болған мүгедек балаларды оңалту, қоғамда өз орындарын табуға көмектесуді мақсат еткен жобалар.
Жиналғандар алдында құттықтау сөз алған облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен кемінде 220 миллион теңге қаржы бөлініп келе жатқанын айта келе, осы салада  еңбектерімен көзге түскен бірқатар үкіметтік емес ұйымдарды ерекше атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Василий Шиманский, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шолпан Рахматуллина да сөз сөйлеп, Степногорск қаласынан келген өкілдерге белсенділіктері үшін зор ризашылықтарын жеткізді.
Осылайша, қазылар алқасы ақылдаса келе, «Мен бәрін істей аламын! Менің қолымнан бәрі келеді!» атты жобаны ұсынған Көкшетау қаласындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және тірек-қозғалтқыштық аппараты бұзылған мүгедек балаларға медициналық әлеуметтік көмек көрсететін мекемені жеңімпаз деп танып, жетпіс мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты салтанатты жағдайда табыс етті. Енді, бұл ұжым алдағы қазан айында Астана қаласында өтетін республикалық көрмеде бақ сынамақ.  

  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар