–Әлқисса, әңгімемізді Абайдан бастасақ деп отырмын. Бұған себеп, Сіз «бала болып, жасыма ылайық ойын-сауық дегенді білмей өстім. Сөйтіп жүргенде Абайдың өлеңдер жинағы алғаш қолыма түсті» деп жаза келіп, содан бері адам болу, адал болу, өтірік айтпау, еңбек етіп, ғылымға талпынуды есіңізден бір сәт шығармай ғұмыр кештіңіз. Тағы да сол Абай өзінің бірінші қара сөзінде «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік» – дейді. Осы жайдың Сізге де қатысы бар ма деп отырмын.
– Әрине, қатысы болғанда қандай, талай қызық-шыжығы мол дүниелер бастан өткерілді. Өмір бойы пышақтың жүзімен жалаң аяқ жүріп өттім деуіме болады…
(Бұл сұхбатты «Арқа ажары» газетінен алдағы уақытта оқитын боласыздар. Әдеттегідей Қасым Аппасұлы Тәукенов өзіне тән турашылдығымен қойылған сұрақтардың барлығына да анық та қанық жауап береді).