Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Астана EXPO-2017» жел электр станциясы толық қуатына шығады - АРҚА АЖАРЫ

«Астана EXPO-2017» жел электр станциясы толық қуатына шығады

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Аршалы ауданының Қостомар ауылында болып, «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының екінші кезеңінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үкімет басшысымен бірге болған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов және өзге де ведомство басшылары өңіріміздегі баламалы электр қуатын өндіретін айтулы жобаның жұмысына назар аударды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің іс-сапары барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Нысанның 2-ші кезеңін іске қосу кешенін пайдалануға беру және жел электр станциясының 100 МВт толық жобалық қуатына шығуы 2020 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр. Айта кетейік, қуаты 50 МВт болатын бірінші кезеңі 2019 жылы тамыз айында пайдалануға берілген болатын.
«Астана EXPO-2017» жел электр станциясы 10 мыңнан аса отбасының жылдық энергия тұтынуы қажеттілігін қамтамасыз етіп, парник газдарының шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға дейін азайтуға және жылына 79 мың тоннадан астам отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 300-ден аса адам тартылған. Жиырма жергілікті маман жел электр станциясында жұмыс істеу үшін арнайы оқу курсынан өтіп жатыр.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар