Жастарды қолдауға жете көңіл бөлінеді

«Nur Otan» партиясы еліміздің солтүстік аймақтарындағы сайлауалды бағдарламаларын ұсынды.

«Nur Otan» партиясы халықты алдағы бес жылда әр облыста, қалада және ауданда 216 сайлауалды бағдарламасының жобалары туралы ақпараттандыруды жалғастыруда. Қазір елдің солтүстік аймақтарына үлкен назар аударылуда. Партияның баспасөз қызметі жалпы республикалық партияішілік праймериздің нәтижелері бойынша ең жақсы идеялар мен шешімдерді жинақтап, краудсорсинг қағидаты бойынша бағдарламалардың жобаларын аяқтауға ниетті екендіктерін еске салады. Ақмола облысында сайлауалды бағдарламаның бір бағыты ауылдарды қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру болып отыр.
Өңірде тау-кен-гидрометаллургиялық кешені, өнеркәсіптік алмас концентратын шығаратын зауыт, күн электр станциясы және қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу жос-
парлануда. Ауыл тұрғындарының кірістерін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін партия 17 сүт фермасын, сондай-ақ, 700 ет фермасын құру арқылы мал шаруашылығын дамыту міндетін қойып отыр. Оған қоса, 3,4 миллион шаршы метр болатын 11 мектеп пен 7 денсаулық сақтау нысандарын салу да жоспарлануда. Сонымен қатар, 556 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету және 7 ауданға газ тарту желілерін салуға басымдық берілуде.
Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту үшін партия жыл сайын кем дегенде 6,5 мың жастардың жұмыспен қамтылуына, құзыреттілік орталықтарының ашылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, екі жоғары оқу орны мен төрт колледж студенттері үшін жеті жатақхана салынады. Осылайша жастардың білім алуы мен еңбекке араласуына жағдай жасалтын болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар