Балалар үйінде білім мемлекеттік тілде берілуі керек

Ақмола облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен брифингте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған маңызды бағыттары талқыланды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың төрайымдылығымен өткен жиында  Ақмола облысында соңғы бес жылда төрт балалар үйі жабылып, ондағы 700-ден астам тәрбиеленушілер саны 101-ге дейін қысқарғандығы белгілі болды. Қазір жүзге тарта бала өңірдегі жалғыз балалар үйі саналатын Ақкөл ауданындағы мекемеде тәрбиеленуде. Бұлайша аталмыш мекемелердің күрт азаюының басты себебін басшының орынбасары балаларды жетімдер үйінің босағасында телміртпей, қамқорлыққа алатын мейірімді жандардың, адал жүректі қайырымды адамдардың көбеюінен деп түсіндірді.  Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың төрайымдылығымен өткен жиында  Ақмола облысында соңғы бес жылда төрт балалар үйі жабылып, ондағы 700-ден астам тәрбиеленушілер саны 101-ге дейін қысқарғандығы белгілі болды. Қазір жүзге тарта бала өңірдегі жалғыз балалар үйі саналатын Ақкөл ауданындағы мекемеде тәрбиеленуде. Бұлайша аталмыш мекемелердің күрт азаюының басты себебін басшының орынбасары балаларды жетімдер үйінің босағасында телміртпей, қамқорлыққа алатын мейірімді жандардың, адал жүректі қайырымды адамдардың көбеюінен деп түсіндірді.  Қазір облыста ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1500 баланың 88 пайызы қайырымды жандардың қолында тәрбиеленуде. Өңірде бірнеше балалар үйі қысқарғанымен, аймақта тағы осындай 4 мекеме жұмысын жалғастырып келеді. Ақкөл ауданындағы ерекше балаларға арналған Урюпинка мектеп-интернатында девиантты тәрбиені қажет ететін балалар білім алуда. Ондағы тәрбиеленушілерге ата-аналары қамқорлық жасап, көмектесіп тұрады. Степногорск қаласындағы «Жас-тар үйінде» 16 – 23 жас аралығындағы жеткіншектер мен азаматтарға білім алуы мен жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі. Ал, Көкшетау қаласы мен Сандықтау ауданындағы балаларды қолдау орталықтары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жақын туыстарына немесе ата-анасының өзіне қайтару және олардың бос уақыттарын үйлестіру жұмыстарымен айналысады. Жалпы, осы күні өңірімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200-ге жуық бала тәрбиеленуде. Жиында жоғарыда аталған басқарма мамандары мен әлеуметтік мекемелердің басшылары жастайынан жетім өсіп келе жатқан балаларды қоғамға бейімдеу мәселесін талқылады.–Бізде балалар ағаш өңдеу ісін, киім пішу және тігін өнерін меңгеріп жатыр. Сондай-ақ, мекемеде әлеуметтік-тұрмыстық бағыттау кабинеті бар. Онда тәрбиеленушілер қарапайым өмірде қажетті дүниелерді үйренеді. Бізден шығып, колледжде оқып, өзімізге қайта келген балалар да аз емес. Қазір сондай 3 түлегіміз қатарымызда қызмет етіп жүр, – дейді Ақкөл ауданының Урюпинка ауылындағы мектеп-интернаттың директоры Юлия Алдажарова. Балалар үйінің тәрбиеленушілері тамақтан және басқа да қажеттіліктерден кенде емес. «Басты мәселе – олардың ертең ортаға сіңісіп кетуіне барынша жағдай жасау», – дейді мамандар. Яғни, өз күнін өзі көре алатындай дәрежеге жеткізу. Ал, ол үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін қолдану қажет. Патриоттық тәрбиені де ұмытпаған жөн. –Мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілуде. Ең бастысы, осы балаларға тәрбие мәселесін ерекше назарда ұстау қажет. Барлығы мемлекеттің қарауындағы мекеме болғаннан кейін мемлекеттік тілде оқыту мәселесі басты орында тұрғаны абзал, – дей келе, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова білім алушылардың мемлекеттік тілде оқуына әлеуметтік мекемелердің басшылары ықпал жасау қажеттігін ескертті. Ал, балалар үйінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқан жасөспірімдер үшін ең басты проблемалардың бірі – баспаналы болу. Өкінішке орай, мұндағы статистика көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылдың ішінде небәрі 300 балаға пәтер берілген, ал, кезекте әлі осы санаттағы 4 мыңнан астам адам тұр екен.

Ырысалды ШАМШИЕВА,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар