Партиялық жауапкершілікті терең сезіну – міндет

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен партия филиалы саяси бюросы кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа бюро мүшелері мен мемлекеттік және құқық қорғау орындарының басшылары, ZOOM жүйесі арқылы Аршалы, Атбасар, Сандықтау аудандарының әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бюро отырысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық бағдарламасын орындау мақсатындағы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аймақта жүргізілген жұмыстар барысы сөз болды. Сонымен, саяси кеңес отырысындағы алғаш қаралған мәселе, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, партия мүшесі Ғалымжан Әбдіхалықовтың өз қарамағындағы басқарма қызметкерлерінің, атап айтқанда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы А.Сағынбаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова және осы басқарманың бөлім басшысы Е.Бектұровтың сыбайлас жемқорлыққа жол бергендері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту кезінде бюджет қаражатын алдын-ала келісім бойынша жымқырғандары, жер қатынастары саласындағы көптеген заң бұзушылықтары анықталып партиялық жауапкершілікке тартылуы бойынша кеңестің он бір мүшесінің қатысуымен қарар қабылданды.
Одан әрі, партия мүшесі, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлік басқармасының басшысы Мұрат Рахымбергеннің партиялық жауапкершілігі туралы, Зеренді ауданының әкімі Б.Әбутәліпов пен ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Н.Бақанов, Атбасар ауданының бұрынғы әкімі А.Никишов пен оның орынбасары Т.Серкебаевтың мемлекеттік сатып алу және объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде аудан басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін яғни, нысанды қабылдаған кезде дұрыс бақылау жасамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы айтылып, қарар қабылданды. Сондай-ақ, партия мүшесі, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бауыржан Ерназаров хабарлама жасап, орын алған олқылықтарға тоқталды. Жалпы, оның объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде жасанды кедергілер жасағаны және осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың негізін құрғаны үшін аймақ кәсіпкерлерінің түрлі органдарға жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты партия алдындағы жауапкершілігі туралы айтылды.
Сонымен қатар, саяси кеңес отырысында «Nur Otan» партиясы Аршалы аумақтық филиалының төрағасы, аудан әкімі Т.Мұханбеджановтың аталмыш ауданындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстардың әлсіздігіне байланысты партиялық жауапкершілігі де сөз болды. Ол туралы Талғат Қойбағарұлы алға қойылған міндеттерді орындау үшін, өңірде барлық жағдай жасалғанын және осы бағыттағы жұмыс жалғаса отырып, бақылауда болатынын ZOOM арқылы жасаған хабарламасында жеткізді.
Ал, «Nur Otan» партиясы Ерейментау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Абай Еламанұлы Әлжановтың партия мүшесі бола тұра моральдық-этикалық нормаларды бұзумен көрсетілген партияның ішкі тәртібін бұзғаны үшін, атап айтқанда 2019 жылғы 28 желтоқсанда мемлекеттік қызметкерлермен бірге рұқсат етілмеген жаңа жылдық корпоративке қатысқан. Өйткені, ол күн 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды ұлттық аза тұту күні болатын. Сондықтан, оған тағайындалған ағымдағы жылдың 22 қаңтарында сөгіс түріндегі партиялық жазаны алып тастау туралы қарар қабылданды.
Ағымдағы жылы Ақмола облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасына нысаналы индикатор-сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениет қалыптастыру қосылды. Жалпы, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын нығайту, оған қол жеткізудің нәтижесі болып табылады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұшыраған мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жүргізілуде. Осыған орай, бюро отырысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар