Балаңа инвестиция құй! 

Күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен жүргенде,

арман қуып жүруге уақыт таппай кететініміз рас.

Негізінен барлығымыздың тілегіміз бір –бақытты үлкен отбасын құру, өз ісіңнің маманы болу,табысқа жетіп, дәулетті болу. Соның ішінде баршамызда балаларымыз бізден табыстырақ болса екен, бізден жақсырақ тұрса екен деп тілейміз.

Дегенмен, бәрін алдын ала білім жасау мүмкін емес, қолымыздан бар келетіні – жарқын болашаққа жету үшін мейілінше жағдай жасау ғана.

Соның ішінде, балаларымызға бере алатын ең бағалы құндылық білім екендігі мәлім.

Әсіресе, мамандықтар өзектілігі тез жойылыпбара жатқан осы заманда нарықтың ағымдағы сұранысына қарай бейімделіп, білім алудың және өмір бойы білім алудың қажет екендігін түсінеміз.

Сондықтан, бүгінде МБЖЖ (Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі) бойынша депозит ашу арқылы өзіңе және балаңа инвестиция құю ең дұрыс шешім.

Бір қуантарлық жайт, қазір көптеген отбасылар білім алудың маңыздылығы жайында ойланып қана қоймай, МБЖЖ депозиттерін ашып белсенді әрекет етуде. Осы ретте 21 мыңнан астам салымшы Қазақстанда немесе шетелде білім алу үшін өзіне не баласының атына қаражат жинақтауда.

Аталмыш мемлекеттік бағдарламаны енгізу арқылы елде ақша жинақтау мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр. Яғни, осылайша елімізде өзінің оқуына немесе баласының болашақта оқуына арналған мақсатты шотқа ие болуды қалыпты әдетке айналдыру жобалануда. Бұл жағдайда оқудың ақысын төлеу мәселесі осынша көкейтесті болмас еді, халық талапкерлердің 30%-ына ғана берілетін білім гранттарына үміттеніп қоймай, өзінің жеке капиталына сенім арта алар еді.

МБЖЖ депозитін ашу не үшін қажет және ол кімдерге арналған?

Алдымен, балаңыздан бастайық. Егер балаға МБЖЖ депозитінің ашылу себебін түсіндірсеңіз, ол кішкене кезінен-ақ білім алудың маңыздылығын ұғына бастайды. Егер ол білім грантына іліксе, онда МБЖЖ шеңберінде жинақталған қорды қандай да бір бастамаға немесе автокөлік, пәтер не арманындағы бір нәрсені сатып алуға жұмсай алады. Одан кейін, бала еш уайымсыз грант бөлінбеген, алайда өзі шын жүрегімен қалайтын мамандығына бара алады.

Сондай-ақ, бүгінде үздіксіз білім алу (life-long learning) түсінігі кеңінен қалыптасып келеді. Әрбір қалаған адам өзінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін әлдеқайда өзекті мамандықтар бойынша білім алу мақсатында өмір бойы МБЖЖ шеңберінде қор жинай алады.

Осылайша, ата-аналар балалары үшін,  ата-әжелер неремелері үшін МБЖЖ депозиттерін ашып, олардың болашақта оқуына қаражат жинақтай алады.

Ересектерге де Қазақстанда немесе шетелде білім алу үшін өздеріне қор жинауға болады.

Компанияларға әлеуметтік жауапкершілік аясында қызметкерлерінің және/немесе олардың балаларының атындағы депозиттерді толықтыруға болады.

Меценаттарға МБЖЖ білім депозиттерін ашу арқылы әлеуметтік санаттағы балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге болады.

МБЖЖ шарттарының тиімділігі

МБЖЖ депозиттерінің табыстылығы 5-7% мемлекет сыйлықақысы мен 10%-ға дейінгі банк сыйақысының есебінен ҚР банктерінің кез келген басқа депозиттерінен жоғары.

МБЖЖ депозиттері 10 млн.теңгеге дейінгі сомада мемлекет тарапынан кепілдендірілген және үшінші тұлғалардың өндіру шараларынан қорғалған.

Салымшы мына жағдайларда жинақтаған қаражатын мемлекет сыйлықақысымен бірге алады:

  • бала грантқа ие болғанда;
  • оқудың ақысын толық төлегеннен кейін қаражат қалғанда.

Жылына бір рет МБЖЖ-мен жинақталған қорды МБЖЖ-ға қатысушы бір банктен екінші банкке аударуға болады.

Қорытындылай келе, бұл заманда өмір бойы білім алып, өзін үнемі жетілдіруге дайын жоғары білімді адам ғана әрқашан табысты болып қалатындығын айта кету керек. Келер ұрпақты да осыған ерте бастандайындаған жөн. Ал, мұның бірден бір жолы –өзінің және баланың білім алуына инвестиция құю.

МБЖЖ бағдарламасы білім алуға қор жинау үшін ең тиімді құрал болып табылады.

МБЖЖ туралы толығырақ ақпаратты depozit.fincenter.kz сайтынан немесе 8 (800) 080-28-28 (байланысу ТЕГІН) жедел желі арқылы білуге болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар