Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тыныста» тыным жоқ - АРҚА АЖАРЫ

«Тыныста» тыным жоқ

Кеше облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтің қатысуымен Көкшетаудағы «Тыныс» акционерлік қоғамында еліміз бойынша аталып өтетін «Еңбек күні» және «Машина жасаушы күні» мерекелеріне орай салтанатты шара өткізіліп, онда өздеріне жүктелген іргелі  міндеттерді орындауға лайықты үлестерін қосып жүрген ұжым мүшелеріне құрмет көрсетілді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 22 қарашасында  арнаулы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған болатын. Осыған орай,  бұл мереке жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін болып бекітілген еді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау болып табылады.
Осы орайда, қатарынан екінші жыл атап өтіліп жатқан «Еңбек күнімен»  тұспа-тұс келген «Машина жасаушы күні» кәсіби мерекесі қарсаңында облыс экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған «Тыныс» акционерлік қоғамының еңбек ұжымын құттықтап, сый-сияпат көрсету дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Салтанатты шараны ұжым еңбеккерлерін құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков бұл күн әрбір еңбек адамы үшін ең маңызды және жарқын мереке екендігіне тоқтала келе, кәсіпорын ұжымына облыс әкімі Сергей Кулагиннің ыстық сәлемін жеткізді.
Шара барысында кәсіпорынның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан бір топ еңбек озаттарына облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
Сонымен қатар, облыстық кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кеңес Бекішев, Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұнарбек Батырханов және «Тыныс» АҚ-ның бас директоры Қуаныш Рыспаев сөз сөйлеп,  ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жиын соңы жергілікті көркемөнерпаздардың орындауындағы мерекелік концертке ұласты.

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар