Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде болып, жеке мәселелерімен келген азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізді.
Облыс әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың бірі кезінде несиеге алған үйін банктен қайтарып алуға қол ұшын беруді сұраса, енді бірі тұтас бір ауылдың мұң-мұқтажын айтты. Бірінші топтағы мүгедек Людмила Третьякованың қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтерін несиеге сатып алу туралы өтініші бойынша «Халық банкі» 1 процентпен 15 жылға несие беру туралы шешім қабылдаған екен. Алайда, кейуана оны қымбатсынып отыр. Ермек Маржықпаев мүгедек жанның өтінішін тыңдай келе, мәселені шешудің басқа да амалдарын қарастыратынын жеткізді.Облыс әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың бірі кезінде несиеге алған үйін банктен қайтарып алуға қол ұшын беруді сұраса, енді бірі тұтас бір ауылдың мұң-мұқтажын айтты. Бірінші топтағы мүгедек Людмила Третьякованың қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтерін несиеге сатып алу туралы өтініші бойынша «Халық банкі» 1 процентпен 15 жылға несие беру туралы шешім қабылдаған екен. Алайда, кейуана оны қымбатсынып отыр. Ермек Маржықпаев мүгедек жанның өтінішін тыңдай келе, мәселені шешудің басқа да амалдарын қарастыратынын жеткізді.Ал, Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында бірнеше жылдан бері сапалы ауыз судың жоқтығына, жолдардың жөнделмей және көшелердің жарықтандырылмай жатқандығына қатысты уәжін білдірген ауыл тұрғыны Отанғазы Байділдиевке әкім: –Үстіміздегі айда ауылдарыңызға арнайы барып, осы мәселелер жайлы тұрғындармен бетпе-бет сөйлесемін, – деп жауап берді. Жалпы, аталған ауылды сапалы ауыз сумен қамту жоспарда бар. Ол екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Қабылдауға бейнебайланыс арқылы қосылған аудан әкімі Бақытбек Оспанбековтың айтуынша, қазіргі таңда ауыл ішіне су тарату желілерін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба ауқымды болғандықтан, ауыз су келгенше әлі бірер жыл күте тұру керек.Жарқайың ауданы Державинск қаласының тұрғыны Елена Юдаева әкіммен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, өзі тұрып жатқан Мир көшесіндегі сегіз пәтерлі үйді орталықтандырылған жылу жүйесімен қамту жұмыстары қашан жүргізілетінін сұрады. Бұл Державинскіде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған жалғыз тұрғын үй екен. Тұрғын үйді апатты деп танып, тұрғындарын көшіру, не болмаса үйге жылу қазандығынан жылу желілерін тарту мәселесі бірер аптаның ішінде қарастырылатын болды. Ал, «Иманды жүрек» қайырымдылық қорының және «Pisik kelinder» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Әлия Рахымова көп балалы аналарға өз кәсіптерін жүргізу үшін жалдау ақысы арзан болатын ғимарат тауып беруді сұрады. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен осы және де ашық аспан астында жауынгерлік техника музейін орналастыру үшін жер беруді сұраған «Патриот Kz» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Аздравиннің мәселесімен Көкшетау қаласының әкімдігі айналысатын болды. Ермек Маржықпаев қабылдауына келген барлық азаматтардың мәселелері назарға алынып, тиісті шешімдер шығарылатынын жеткізді. Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.