Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 130 бұйрығына және «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 46 (бұдан әрі – ҚР БМСД №46 қаулысы), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 (бұдан әрі – ҚР БМСД-нің № 47 қаулысы), «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 (бұдан әрі – ҚР БМСД-нің №50 қаулысы), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қыркүйектегі № 53 (бұдан әрі – ҚР БМСД-нің №5 қаулысы),«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 (бұдан әрі – ҚР БМСД-нің №54 қаулысы), «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 05 қазандағы № 55 (бұдан әрі – ҚР БМСД-нің №55 қаулысы) қаулыларына сәйкес және Ақмола облысының тұрғындары арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуіне байланысты (2020 жылдың қазан айында COVID-19 (U07.1) зертханалық расталған 50 жағдай және вирустық пневмонияның (U07.2) 16 жағдайы тіркелді. Ауру 19 әкімшілік аумақтың 5-інде тіркелген: Көкшетау қ. – 36 (70%), Бурабай – 10 (21%), Жақсы – 1 (2%), Зеренді – 2 (5%), Есіл-1 (2%). 2020 жылғы 13 қазан бойынша расталған және ықтимал жағдайларды тіркеу негізінде репродуктивті саны – 1,21-ді құрады) ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Ақмола облысы аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық өмірінің ерекше жағдайларымен эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанша дейін Ақмола облысының аумағында шектеу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.
- Ақмола облысының тұрғындарына:
- ҚР БМСД-нің № 47 қаулыға № 2-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын (бетперделерді) пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
- жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмектің, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтердің қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Ақмола облысының елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп –тұруын шектеу;
- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуды шектеу;
- әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бетперделерді) пайдалану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық объектілерісіз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беру;
- отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге жол бермеу;
- жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30 адамнан астам (отбасы мүшелері) жиналуға жол бермеу.
- Ақмола облысының әкімдігі, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП:
- осы қаулыға 1 – қосымшаға сәйкес тиісті Дайындық актілерін алғаннан кейін объектілердің қызметін жандандыруды;
- kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға Сәйкестік актісі негізінде;
- қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға Сәйкестік актісін көзге көрнетін жерге орналастыруды;
- шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;
- бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды;
- шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;
- kz сайтындағы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуі (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, ҚР БМСД № 43 қаулыға, ҚР БМСД-нің № 47 қаулыға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);
- «InfoKazakhstan» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық түрде беруді қамтамасыз етсін.
- Ақмола облысының әкімдігі, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
- көпшілік іс-шараларының (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға), және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге жол бермеу;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), кинотеатрларының (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметін тоқтата тұру;
- жұмыс күндері сағат 19.00-ге дейін алаңы 1000 ш.м. астам сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының және азық-түлік емес дүкендердің қызметін шектеу, демалыс және мереке күндері тоқтата тұру;
- азық-түлік, азық-түлік емес жабық базарлардың (базарлар үлгісіндегі сауда үйлерінің, павильондардың, дүкендердің және т.б.) қызметін жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін шектеу, демалыс және мереке күндері тоқтата тұру;
- бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, азық – түлік дүкендердің жұмыс кестесің сағат 09.00 –ден 22.00-ге дейін шектеу;
- ҚР БМСД-нің №43-қаулысының талаптарын сақтай отырып (объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, қолғапсыз, бетпердесіз персонал жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейді), адамдардың жаппай жиналуы мүмкін салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, бір мезгілде 30 келушіден артық емес, 30– дан кем орналасатын орны бар объектілері үшін–есептік қуаттың 50%-ынан артық емес, үстелдер арасындағы 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтап, жұмыс режимін сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін шектей отырып, үй-жайларда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне шектеуді;
- ҚР БМСД-нің № 43-қаулысының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйым, кәсіпорын), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампания, мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың қызметін шектеу. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы (штат кестесі бойынша 30 қызметкерден артық) қашықтық жұмыс нысанына ауыстырылуы тиіс;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың, ХҚКО-лардың (бұдан әрі – мамандандырылған ХҚКО), collорталықтары мен бейнеоператорлардың жұмыс кестесін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып, шектеу, ал демалыс және мереке күндері тоқтата тұру; Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларға кезегін Egov.kz, жеделхат -бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала брондау арқылы бару ұсынылады;
- белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жұмыс күндері келушілердің санын 30%-д-нан асырмай, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметін шектеу, демалыс және мереке күндері тоқтата тұру;
- такси қызметінің жүріп-тұруын (2 адамнан артық емес) шектеу;
- жұмыс күндері автобустардың желіге барынша шығуын, біркелкі жүру кестесін, отыратын орындар саны бойынша толтырылуын сақтай отырып, қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру. Күн сайын әрбір рейс алдында (мамандандырылған ұйым немесе оқытылған персонал) автобустарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеу жүргізу. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;
- қала маңындағы жолаушылар поездарын/электрпоездардың қозғалысын, қалааралық облысішілік автобустардың, микроавтобус тасымалын жандандыру;
- ҚР БМСД-нің № 47 қаулыға 6- қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, (алдын ала жазылу бойынша, автосалонда 2 клиенттен артық емес, ТҚС-да 3 клиенттен артық емес, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықтың болуы) келушілерге жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету объектілеріне (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу және т.б.) жұмыс тәртібін сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін шектелген уақыт бойынша рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 43- қаулыға 14-қосымшаға сәйкес 15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтау кезінде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезекші топтардың қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 43- қаулының талаптарын сақтау, алдын ала жазылу бойынша, топтарда 15 адамнан арсырмай, балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 47- қаулыға 5- қосымшаға сәйкес санитариялық нормаларға Сәйкестік актісі болған жағдайда, (келушілердің санын 50%- дан асырмай) ашық ауадағы аттракциондардың жұмысына рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 47 қаулыға 7- қосымшаға сәйкес санитариялық нормаларға Сәйкестік актісі болған жағдайда, алдын ала жазылу бойынша, клиент залында (4 шаршы метрге 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен келушілердің толтырылуы сақталған жағдайда сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 47- қаулыға 16-қосымшаға сәйкес санитариялық нормаларға Сәйкестік актісі болған жағдайда, (келушілердің санын 50% – дан асырмай, 4 шаршы метрге 1 адам) қоғамдық моншалардың қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 47- қаулыға 16-қосымшаға сәйкес санитариялық нормаларға Сәйкестік актісі болған жағдайда ғана, (әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша) келушілердің санын 50%-дан асырмай және 1 адамға 4 шаршы метр орын сақталған жағдайда, сауна қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің №47- қаулыға 8-қосымшаның талаптары сақталған жағдайда, алдын ала жазылу бойынша, келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес қамтамасыз ету кезінде фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының (орталықтарының), спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беру;
- (жанаспайтын термометрия жасай отырып, спорт базаларында орналасумен 30 адамдан артық емес) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға рұқсат беру;
- әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларды (5 адамнан артық емес) өткізуге рұқсат беру;
- жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне 5 адамнан артық емес рұқсат беру;
- аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беру;
- жұмыс күндері сағат 09:00 –ден бастап 18:00 –ге дейін, онлайн көрсетілмейтін қызметтері үшін сенбі күндері сағат 09:00 –ден бастап 14:00 –ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, «Қазпошта» АҚ-тың қызметіне рұқсат еру;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 47- қаулыға 17-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жобалық қуаттың 80% – ынан аспайтын туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласында ұйымдардың (қонақ үйлер, мейманханалар, демалыс үйлер, туристік базалалар, шипажайлық-курорттық мақсаттағы объектілер және т.б.) қызметіне рұқсат беру;
- күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өндірісі тоқтамай жүретін өнеркәсіп кәсіпорорындардың; ашық ауада құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы қызметіне рұқсат ету;
- (алдын ала жазылу бойынша, 1 адамға су бетінің 5 ш.м. есебінен жеке форматта) бассейндердің қызметіне рұқсат беру;
- мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің №43- қаулысының талаптарын, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтап, infokazakhstan.kz порталда тіркей отырып, келушілердің санын 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан аспайтын кезде театрлардың қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 47- қаулыға 31, 38-қосымшаларға сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, қорықтарда, резерваттарда және т. б.) жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, бетперде режимін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып экскурсиялық қызметке рұқсат бере отырып, баруға рұқсат беру;
- сыныпта балалар саны 15 адамға дейін контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің, ата-аналардың өтініші негізінде 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтаған кезде мектепалды білім алушылары, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат беру;
- аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМКК-нің қызметіне рұқсат беру;
- арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат беру;
- ҚР БМСД-нің № 50 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, (қашықтық форматта өткізуге мүмкіндік болмайтын) офлайн режимде кеңестерді (отырыстарды) өткізуге рұқсат беру;
- күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтары, (сақтандыру компания, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылар және т.б.) валюта айырбастау пункттері, ломбард жұмысын ұйымдастыру;
- қоғамдық көліктерде, такси көліктерінде, өндірістік аумақтарда, әуежайларда, аулалық ойын алаңдарында, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өндеуді өткізу;
- Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі – БМСД қаулысы) қолданыстағы қаулыларына сәйкес шектеу іс-шараларының сақталуына мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке санитариялық-карантиндік шараларды сақтамайтын тұлғаларды тарта отырып, әкімдіктер жанындағы мобильді топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізу;
- халыққа COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәби үйлеріне, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин режимі және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау;
- COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық және провизорлық стационарлар қызметкерлерін тұратын орынмен қамтамасыз ету;
- әртүрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін бөлек орналастырумен және тамақтандырумен қамтамасыз ету (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмау);
- бір медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда бөлек орналастырумен және тамақтандырумен қамтамасыз ету;
- үйден тыс тұратын инфекциялық және провизорлық стационарлар қызметкерлерінің COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) таралуының алдын алуға бағытталған орналастыру, тамақтану жағдайларын және басқа да іс-шараларды орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
- қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету;
- «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ндағы РМК-ы Ақмола облысы бойынша филиалының вирусологиялық зертханасының қызметкерлерін тұратын орынмен және тамақтандырумен қамтамасыз ету;
- медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта әрбір медициналық ұйым үшін көлікті қамтамасыз ету, кейіннен көлікті дезинфекциялау;
- ҚР БМСД-нің №46-қаулыға 32-қосымшаға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, COVID-19-дан (U07.1) және вирустық пневмониядан (U07.2) қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді ұйымдастыру үшін әрбір ауданда (қалада) бригада құрылсын;
- COVID-19-дан (U07.1) және вирустық пневмониядан (U07.2) қайтыс болған адамдардың мәйіттерін тасымалдауға арналған автокөлікпен, көмуге қатысатын адамдарға арналған жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
- Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
1) Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;
2) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 2 сағаттың ішінде CОVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) ауруларының әрбір жағдайына шұғыл хабарлама жіберуді;
3) ЖРВИ белгілерімен және COVID-19-ға (U07.1) және вирустық пневмонияға (U07.2) күдікті науқастарды анықтау мақсатында аулаларды аралап шығуды;
4) ЖРВИ, пневмония белгілерімен және дене қызуы бар COVID-19-ға күдікті науқастарға ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізуді;
5) COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмонияның (U07.2) асқынуын болдырмау мақсатында, халыққа уақытылы медициналық көмекке жүгіну туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
6) созылмалы аурулары бар, «Д» есепке алынған науқастарды ерекше есепке алуды;
7) эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жүкті әйелдерге және балаларға, амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ алатын, онкологиялық және онкогематологиялық ауруларға, сондай-ақ емдеуді ауыстыру пациенттің өміріне қауіп төндіретін ауруларға шалдыққан пациенттерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруды;
8) санитариялық-карантиндік талаптар қатаң сақталған жағдайда, кәсіпорындарға шығып, медициналық профилактикалық тексерулер жүргізу үшін емханаларда мобильді топтар құруды;
9) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасының маманы болмаған жағдайда, мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды кестеге сәйкес бұйрықпен жауапты адамды бекіту жолымен МСАК мамандарымен қамтамасыз етуді;
10) тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылауда тұрған COVID-19 U07.1 және вирустық пневмония U07.2, сондай-ақ үй карантиніндегі науқастар арасында қашықтықтан мониторинг жүргізу үшін өзінің хал-жайы туралы мәліметтерді «Дамумед» АЖ-і мобильді қосымшасына қажетті кезеңділікпен енгізу міндеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізуден бас тартқан немесе уақтылы енгізбеген немесе үйдегі карантин жағдайын сақтамаған кезде ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Ақмола облысының полиция департаментіне ақпарат жолдауды;
11) учаскелік дәрігерлер «Дамумед» АЖ-сі арқылы байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуді, байланыста болған адамның жай-күйі нашарлаған кезде тексеруді жүргізу үшін дәрігерлерді үйге шақыруды қамтамасыз етсін.
- 6. Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы:
1) CОVІD-19 U07.1 және вирустық пневмония U07.2 расталған жағдаймен жақын байланыс ретінде қоршаған ортадан анықталған тұлғалар және ауру белгілері жоқ (вирус тасымалдаушылары) тұлғалар үйдегі карантин жағдайының сақталуын бақылауға жәрдемдесу;
2) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантин шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауға жәрдемдесу. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексі негізінде тиісті әкімшілік шаралар қолдануын қамтамасыз етсін.
- Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшылары:
1) Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;
2) COVID-19 және вирустық пневмониямен U07.2 ауыратын науқасты сұрастыруды;
3) онда тәуекел тобындағы адамдар (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) болмаған жағдайда белгілері жоқ вирус тасымалдаушылары ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын толтыра отырып, COVID-19 және вирустық пневмония U07.2 жағдайларын эпидемиологиялық тексеру. COVID-19 U07.1 және вирустық пневмония U07.2 жағдайларын эпидемиологиялық тексеру мынадай басымдықта жүргізу керек: ауру белгілері бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; ауру белгілері жоқ ағымымен COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент және байланыста болған тұлғалар туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізуді;
4) ҚР БМСД-нің №46- қаулыға 36-қосымшаға сәйкес үй карантиніндегі байланыста болған, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарға үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғызып хабарлауды;
5) COVID-19 U07.1 және вирустық пневмониямен U07.2 ауыратын науқастар немесе байланыста болған тұлғалар үй карантинін сақтамаған жағдайлары анықталған кезде ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Ақмола облысының полиция департаментіне ақпарат жолдауды;
6) COVID-19(U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
7) санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау;
8) медициналық ұйымдардың «Дамумед» АЖ-і арқылы байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.
- Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
1) бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар ету;
2) халыққа қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апаттық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;
3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуін қамтамасыз етсін.
- «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ндағы РМК-нің Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
- №2- қосымшаға сәйкес Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті аумақтың, Ақмола облысының қалалары мен аудандарының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
- Қаулы меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
- Осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізу, халықты бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзарту және жеңілдету ықтималдығымен 2020 жылғы 16 қазанда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Ақмола облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Мусина
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары
2020 жылғы «___»
№ _________ қаулысына
1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау
Қызмет түрлері | Объектілерге қойылатын талаптар | Объектіні іске қосу сипаты | Ескертпе |
Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік сектор органдарының, бизнес-орталықтары мен кеңселер | Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына (бұдан әрі –БМСД-нің № 43 қаулысы) 1-қосымша |
Хабарлама | |
Өнімнің бөлшек сауда орындары, үйдің жанындағы дүкендер | БМСД-нің №43- қаулыға 5-қосымша |
Хабарлама | |
Тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату объектілері
(азық-түлік базарлары) азық-түлік қоймалары |
БМСД-нің №43- қаулыға
5-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Көтерме және бөлшек сауда объектілері (азық-түлік емес базарлары) | БМСД-нің №43- қаулыға
5-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері | БМСД-нің №43- қаулыға
5-қосымша |
Хабарлама | |
Сауда алаңы 2000 және одан артық шаршы метр болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері | БМСД-нің №43- қаулыға
5-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт
|
Бару арқылы |
Онлайн сауда объектілері (интернет дүкендер, курьерлік қызметтер және т. б.) | БМСД-нің №43- қаулыға 1-қосымша,
5-қосымша |
Хабарлама | |
Автосалондар, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендері және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) шиномонтаж) станциялары | БМСД-нің №43- қаулыға 6-қосымша |
Хабарлама | |
Қызмет көрсету саласы объектілері (сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) | БМСД-нің №43- қаулыға 7-қосымша |
Хабарлама | |
Фитнес қызметін көрсету бойынша объектілер, спорт кешендері | БМСД-нің №43- қаулыға 8-қосымша |
Хабарлама | |
Халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызметтер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілер және өзге де объектілер | БМСД-нің №43 -қаулыға 10-қосымша |
Хабарлама | |
Халыққа тұру бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақүйлер, отельдер) | БМСД-нің №43- қаулыға 11-қосымша |
Хабарлама | |
Әуежайлардың және теміржол вокзалдарының қызметі | БМСД-нің №43- қаулыға 12-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, оның ішінде ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметі | БМСД-нің №43- қаулыға 13-қосымша |
Хабарлама | |
Мектепке дейінгі балалар ұйымдары | БМСД-нің №43- қаулыға 14-қосымша |
Хабарлама | |
Қоғамдық көлік | БМСД-нің №43- қаулыға 15-қосымша |
Хабарлама | |
Жолаушыларға арналмаған жүк тасымалы, көліктік-экспедиторлық тасымалдау | БМСД-нің №43-қаулыға 1 -қосымша және 25-қосымша |
Хабарлама | |
СПА, массаж салондардың, моншалардың, сауналардың қызметі | БМСД-нің №43- қаулыға 16-қосымша |
Хабарлама | |
Санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері, туристік базалар | БМСД-нің №43- қаулыға 17-қосымша |
Хабарлама | |
Білім беру, түзету орталықтарының қызметі | №43 БМСДҚ-ға 19-қосымша |
Хабарлама | |
Тамақ өнеркәсібі объектілері | БМСД-нің №43- қаулыға 25-қосымша | Хабарлама | |
Қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда) | БМСД-нің №43 -қаулыға 21-қосымша |
Хабарлама | |
Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда) | БМСД-нің №43 -қаулыға 21-қосымша |
Хабарлама | |
Тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдары | БМСД-нің №43- қаулыға 22-қосымша |
Хабарлама | |
Пенитенциарлық (қылмыстық атқару) жүйедегі мекемелер | БМСД-нің №43-қаулыға 24-қосымша | Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілер, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер | БМСД-нің №43- қаулыға 25-қосымша |
Хабарлама | |
Медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары) | БМСД-нің №43- қаулыға 26-қосымша |
Хабарлама | |
Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар) | БМСД-нің №43 -қаулыға 28-қосымша |
Хабарлама | |
Автожанармай құю станциялары және ЖЖМ көтерме сату | БМСД-нің №43- қаулыға 1-қосымша және 5-қосымшалар |
Хабарлама | |
Ғимараттарға қызмет көрсету объектілері (лифт, күзет қызметтері, ғимараттарға қызмет көрсету ұйымдары және т. б.) | БМСД-нің №43- қаулыға 1-қосымша |
Хабарлама | |
Коммуналдық шаруашылық объектілері | БМСД-нің №43 -қаулыға 25-қосымша |
Хабарлама | |
Денсаулық сақтау объектілері (стоматологиялық клиникаларды қоспағанда) | БМСД-нің №43- қаулыға 2, 31 және 34-қосымшалар |
Хабарлама | |
Стоматологиялық клиникалар | БМСД-нің №43- қаулыға 29-қосымша | Хабарлама | |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер (дәріханалар, фармацевтикалық компаниялар) | БМСД-нің №43 -қаулыға 5-қосымша |
Хабарлама | |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер (фармацевтикалық өндірістер) | БМСД-нің №43- қаулыға 25-қосымша |
Хабарлама | |
Экскурсиялық қызметті жүзеге асыратын объектілердің кеңселері (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсиялар ұйымдастыру) | БМСД-нің №43- қаулыға 1-қосымша |
Хабарлама | |
Ашық ауадағы аттракциондар | БМСД-нің №43- қаулыға 1-қосымша (II бөлім) |
Хабарлама | |
Қаржы нарығы объектілері | БМСД-нің №43- қаулыға 1-қосымша | Хабарлама | |
Мәдениет объектілері (30 адамға дейін жеке және топтық дайындықтар) | БМСД-нің №43- қаулыға 9-қосымша |
Хабарлама | |
Фитнес қызметін көрсететін объектілер (бір келушіге кемінде 5 ш.м. қамтамасыз ете отырып, алдын ала жазылу бойынша), спорт кешендері (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу) | БМСД-нің №43-қаулыға 8-қосымша |
Хабарлама | |
Діни объектілер | БМСД-нің №43- қаулыға 20-қосымша |
Хабарлама | |
Бассейндер (бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебінен) | БМСД-нің №43- қаулыға 16-қосымша |
Хабарлама | |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және өзгелері) | БМСД-нің №43- қаулыға 38-қосымша |
Хабарлама |
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары
2020 жылғы «___»
№ _________ қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 30 тамыздағы Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 109 қаулысы;
- «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 30 тамыздағы Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 18 қыркүйектегі Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №117 қаулысы;
- «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 30 тамыздағы Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 18 қыркүйектегі Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №117 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 қыркүйектегі Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №118 қаулысы.