Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бар қызметіміз заңға, оның дұрыс орындалуына негізделген - АРҚА АЖАРЫ

Бар қызметіміз заңға, оның дұрыс орындалуына негізделген

Ақмола облысының әділет органдары өз қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің стратегиялық жоспары негізінде жүзеге асырады.

Әділет департаменті мен оның басқармаларының алдына қойылған бас-ты міндет – қолданыстағы заңнамада көрсетілген негізгі функцияларды орындау болып табылады. Яғни, біз заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және қызметін тоқтатуды, сонымен қатар, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушыларының халыққа құқықтық көмек көрсетуіне, сот шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырамыз.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолда-уында  бизнес құрылымдардың ашылуы және олардың одан арғы жұмысында  әкімшілік кедергілерді азайтуды, тіркеу тәртібін жеңілдетуді баса айтқан болатын. Бұл бағытта тиісті шараларды қолға алып жатырмыз.  
Мәселен, 2015 жылы 462 заңды тұлға тіркеліп, жылжымайтын мүлікке 45 454 тіркеу өткізілді. Электронды тіркеудің енгізілуі өткен жылмен салыстырғанда тіркеуге беру мерзімі  қате құжаттар санының төмендеуіне әсер еткенін атап өткім келеді. Былтырғы жылға қарағанда жылжымайтын мүлікке электронды тіркеу құқығы төрт есеге өсті. Мүлікті жария ету бойынша облыс аумағында акция өткіздік. Үш жүзге жуық өтініш бойынша үйлер, дүкендер, түрлі мақсаттағы шаруашылық құрылыстар және тағы басқалары біздің тіркеуімізге алынды.  
 Әділет органдарының тағы бір негізгі қызметі нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу болып табылады. Биыл әділет органдарының мемлекеттік тіркеуіне 565 акт ұсынылып, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу шеңберінде 425 акт тіркелді. Тағы 38 акт бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылып, 37 акт қайта өңдеу үшін жергілікті мемлекеттік органдарға кері қайтарылды.
Қазақстанның әлемдік нарықтық кеңістікке өтуі үшін зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы жұмыстарды әрі қарай жетілдіру қажет. Ақмола облысының әділет департаментімен жыл басынан бері  зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында тауар таңбаларын заңсыз қолданудың төрт фактісі анықталды. Құқықтық білімді насихаттау шеңберінде облыс кәсіпкерлері және  тұрғындар арасында кең көлемді құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.  Қазіргі уақытта облыс аумағында 238 адвокат, 128 нотариус және 12 бағалаушы өз қызметін жүзеге асыруда.
Еліміздің «Адвокаттық қызмет туралы» Заңына сәйкес, тұрғындар адвокаттардан тегін құқықтық көмек ала алады. 2014 жылы он үш мыңға жуық азаматқа, ал ағымдағы жылдың алғашқы сегіз  айында жеті мың азаматқа мемлекетпен кепілдендірілген тегін құқықтық көмек көрсетілді. Облыс халқына тегін құқықтық көмек алу тәртібі туралы ақпарат беріліп тұрады. Конституцияның құқықтық идеялары мен принциптерін жүзеге асыру үшін Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылдарға дейінгі кезеңге құқықтық саясат тұжырымдамасы» бекітілген болатын. Азаматтардың құқықтық сана мен мәдениетін арттыру мақсатында «Әділет кеңес береді» акциялары өткізіледі. Айталық, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы, «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалы, түзету жүйесі мекемелері, сонымен қатар, Ақмола облысының медициналық және әлеуметтік мекемелерінде осындай іс-шараларды ұйымдастырдық.
Департамент әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға, көпбалалы отбасыларына, жетім және мүгедек балаларға қайырымдылық жасау ісіне, «Мектепке жол», «Алимент төле» акцияларына, облыстың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына жиырма жыл толуына орай біздің мекеме «Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасына қатысты. Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығын атап өту шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құқықтық көмек көрсету бойынша айлық жарияланды.
Облыстық әділет департаментіне сот актілерін орындау департаментінің қосылуына байланысты бүгінде сот актілерінің уақытылы орындалуы да біздің міндетімізге кіреді.  Осыған орай,  облыстың аумақтық бөлімдерінің орындауында құны 36 миллиард теңгені құрайтын сексен мыңға жуық құжат жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында айтылған жеке сот орындаушылары институтын дамыту мәселесі бойынша жұмыстарды   қолға алдық. Қазір облыс аумағында 32 жеке сот орындаушысы бар. Алайда, мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Алдағы уақытта олардың  санын көбейту қажет. Жеке сот орындау-шылары өңірлік палатасының төрағасы әділет органдарының үйлестіру кеңесінің құрамына кіреді. Бұл осы қызметте туындайтын өзекті мәселелерді жиналыстарда талқылауға мүмкіндік береді.
Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға әркез дайынбыз. Барлық әріптестерімді Әділет органдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына ырыс-ынтымақ, бақыт тілеймін.   

Анатолий ДЕРМАНОВСКИЙ,
облыстық әділет департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар