«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері арасында «Күз бояулары» дәстүрлі байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты қолданбалы өнер шеберлерінің қызметін насихаттау, жас таланттарды қолдау болып табылады. «Күз бояулары» байқауына он саусағынан өнер тамған жеті шебер қатысты. Әр қолөнерші орындау техникасында өзінің шығармашылық композициясын ұсынып, зор белсенділік танытты.Тоқыма және киіз басу, сабын, мүсіндік композиция, табиғи материалдан бұйымдар жасау бойынша жұмыстар ұсынылды.
Қазылар алқасы шеберлерді композицияның бірегейлігі, ұлттық колориттің болуы, жұмыстың таныстырылымына қарап бағалады. Қатысушылар өз жұмыстарын өлеңмен таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша қолөнершілер Марина Бойченко, Виктория Полищук және Олеся Кочетыгова бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болды. Барлық қатысушылар «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.