Көкшетауда республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді

Көкшетауда республикалық жедел-тактикалық  оқу-жаттығуы өтеді

2020 жылдың 23 қазаны күні Көкшетау қаласының аумағында Ақмола облысының терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының құрамына кіретін құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

Осы орайда, өткізілетін іс-шаралар мен орын алуы мүмкін уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Оқу-жаттығу шараларының басты мақсаты – күш құрылымдары мен құралдардың терроризмге қарсы іс-қимылдарды өткізуге үнемі дайын болуын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты, жауынгерлік қабілеттілікті арттыру және террорлық актілердің жолын кесу кезіндегі іс-қимылдардың алгоритмін әзірлеу.

Осы орайда, жалған ақпарат таратушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабында қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *