Көлікте де тәртіп керек

Облыс орталығында тәртіп сақшылары тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылайтын басқармамен бірлесіп, қоғамдық көліктерге арнайы рейд жүргізді.

Тексеріс барысында бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен, автобус жүргізушілері мен жолаушылар маска кимеген, адам саны көліктегі отыратын орындардан әлдеқайда көп. Бұл жағдай №№ 3, 5, 8, 12 және 14 бағыттағы көліктерде болған. Тәртіп бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Рейд барысында полиция қызметкерлері жолаушыларға дезинфекциялық режимді сақтау керектігін айтып түсіндірді. Мұндай жұмыс алдағы уақытта да жүргізілмекші.
Көкшетау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Рүстем Сейсенбаев өз сөзінде рейд барысында кейбір адамдар қоғамдық көлікте маска кимейтінін, жолаушылар арасында тиісті арақашықтық сақталмайтынын айтты. Сондай-ақ, жүргізушілер автобусты медициналық қолғап кимей жүргізетін көрінеді. Осы орайда, қоғамдық орындарда әр адамның санитарлық талаптарды сақтауы жұқпалы індеттің таралмауына ықпал ететінін түсінген жөн.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар