Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы» - АРҚА АЖАРЫ

«Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы»

Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейінің мәжіліс залында Алтын Орданың 750 және Қазақ хандығының 555 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы» атты ғылыми конференция болып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты деңгейде атап өту және Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін қазақ халқы зор ықыласпен қабылдағаны белгілі. Осы айтулы оқиғаға байланысты өткізіліп отырған конференцияның мақсаты – көпшіліктің қазақ халқының тарихын тануға деген қызығушылықтарын ояту, жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектерінің баспа бетінде жарық көруіне жағдай жасау, жалпы, өз халқымыздың тарихына құрметпен қарауға шақыру.
Зиялы қауым өкілдері қатысқан конференцияда «Жырау-
лар мұраларындағы тарихи шындық мәселелерінің кейбір сипаттары» атты баяндама жасаған Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, осы университеттің оқытушысы, РһD-доктор Ерболат Баятұлы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ғалымтай Төлепбергенов және басқа да университет доктаранттары Моңғол империясының ыдырауынан кейін құрылған мемлекеттердің ішінде Алтын Орда түріктердің саяси және этникалық тарихы үшін ерекше маңызға ие болғанын атап көрсетті. Жалпы, Алтын Орда – Еуразиядағы ортағасырлық мемлекет. 1224-1266 жылдары Моңғол империясының құрамына кірді. Сондай-ақ, хандықтың құрылу тарихы мен мұрасын жалғастырушы Шыңғыс ханның ұлы Жошының иелігінде болғаны және Жошы ұлысы кең байтақ Алтын Орда мемлекетіне айналғаны баса айтылды.
Конференцияға тарихшылар ғана емес, облыстық мәдениет, білім, ішкі саясат саласының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы, қазақ хандығының бастауы саналатын тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтыған конференцияға қатысушылар танымдық дүниелермен сусындап қайтты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар