«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек НұғымановТЫҢ құттықтауы
Қымбатты достар!
Ақмола облысының татар-башқұрт мәдениетінің орталығын және «Ғалиябану» халықтық ансамблін 30 жылдық мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтауға және дамытуға қосқан зор үлестеріңіз және осы жылдар бойы өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін шынайы ризашылығым мен алғысымды қабыл алыңыздар.
Бүгіндері Ақмола облысының татар-башқұрт мәдениетінің орталығы қоғамдық ұйым ретінде мемлекеттік және ұлттық мүдделерді үйлестіре отырып, этносаралық келісімді, достық пен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға белсенді қатысып келеді. Орталық қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, жас ұрпақты рухани-адамгершілік толқынында тәрбиелеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу істеріне де қатты көңіл бөледі.
Құрамында нағыз өнерпаз тұлғалар ән шырқап, би билейтін «Ғалиябану» татар-башқұрт вокалды ансамблі, кәсіби шығармашылық ұжымы орталықтың өзегі болып саналады. Дәл осы шеберлердің орындауында көптеген татар әндері мен әуендері жалғыз татарлар арасында ғана емес, басқа ұлт өкілдері арасында да танымалдылыққа ие болды.
Облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігін осы күндері мәдени-бұқаралық іс-шаралардың шебер ұйымдастырушысы Рафаил Саитұлы Сулькарнаев басқарады. Оның жетекшілігімен «Ғалиябану» вокалдық ансамблі 2018 жылы «Халықтық ұжым» жоғары атағын алды.
Осы айтулы күндері Ақмола облысының татар-башқұрт мәдениеті орталығының және «Ғалиябану» халықтық ансамблінің ұжымдарына зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас шабыт, Ақмола облысының игілігі үшін ең батыл идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда шығармашылық табыстар тілеймін!