Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ауа райының күрт өзгеруіне байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жолда абай болуларын ескертеді.
Облыс орталығы Көкшетау қаласының аумағында 22-23 қазан аралығында ғана 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осыған орай, жүргізушілерді көлік құралдарын алдын ала дайындауға және жазғы доңғалақтарды қысқы доңғалақтарға ауыстыруға шақырады. Ең бастысы – жол ережелерін мүлтіксіз сақтау және жүргізуші мәдениетінің деңгейін арттыру керек. Өзара құрмет пен тәртіп-жолдардағы қауіпсіздік кепілі және жол апаттарын азайту мәселесінде шешуші факторлардың бірі.
Альмира МАНАТОВА.