Мәжіліс қабырғасында жеті депутаттан тұратын «Ақ жол» партиясының съезі 20 қарашада өтеді

«Ақ жол» партиясының ресми сайтында сайлауалды съезге дайындық туралы хабарланды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының съезі онлайн форматта өтеді. Бұл туралы өзінің Telegram-каналында партия төрағасы Азат Перуашев хабарлады.

«Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне және бірқатар өңірлерде енгізілген шектеулерге байланысты «Ақ жол» партиясының төралқасы сайлау алдындағы съезді қашықтықтан өткізу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады депутат.

«Ақ жол» партиясының съезі 20 қарашаға белгіленген.

Азат Перуашев онлайн-съезді өткізу заңға қайшы келмейтінін түсіндірді.

«Offline режиміндегі съезде тікелей жұмыс істеу үшін филиалдардың басшылары мен орталық кеңестің мүшелері шақырылатын болады. Қалған делегаттар әр өңір үшін эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, облыстық және қалалық филиалдарға жиналып, тікелей бейнебайланыс арқылы қатысады», – деп нақтылады мәжілісмен.

«Ақ жол» партиясының орталық аппараты мен филиалдарына тиісті ұйымдастыру-техникалық мәселелерді пысықтау тапсырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар