Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Мәлгаждаров: «Табыстарымызда барлық еңбеккерлеріміздің үлесі мол» - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Мәлгаждаров: «Табыстарымызда барлық еңбеккерлеріміздің үлесі мол»

Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Мәлгаждаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің биылғы жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Биылғы жылдың он айында Жақсы ауданының өнеркәсіп саласында 2,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Аудан бойынша жарма және жарма өнімдерін өндіру 147 пайызға, консервілерді өндіру 44,4 пайызға, сүт өндірісі 3,3 пайызға ұлғайды .
– «Урожай» серіктестігінің базасында өндіріс циклі толық автоматтандырылған, қазіргі заманғы итальяндық жабдықтар орнатылған жылына 12000 тонна тез дайындалатын жармалар мен үлпектер өндірілетін кешен іске қосылды. Жобаның жалпы құны 2,6 миллиард теңгені құрады. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы осы кәсіпорын базасында тәулігіне 500 тонна ұн шығаратын диірмен кешені ашылды. Бұл 24 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, – деді аудан әкімі Бауыржан Мәлгаждаров.
Ауданда ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Бұл салада өндіріс көлемі 44,5 миллиард теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау ретінде биылғы жылы пандемияға байланысты 3,4 миллиард теңге субсидия бөлінді. Мемлекеттік кредит беру бағдарламалары шеңберінде шамамен 1,5 миллиард теңге жеңілдетілген несие қаражаты берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артық. Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау алған агроқұрылымдардың саны 34 пайызға өсті. Бұл бұрын-соңды болмаған үлкен қолдау болып отыр.
Ағымдағы жылы ауа райының жайсыздығына қарамастан, жоғары сапалы көрсеткіштермен 460 мың тоннадан астам астық жиналды. Мал шаруашылығын дамыту бағытында биыл 7 ет фермасы құрылып, 550 бас асыл тұқымды мал сатып алынды.
Ауданда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 2734 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы ауданда абаттандырумен және инженерлік желілермен көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін 3 жоба әзірленді, олардың 2-уі сараптамадан өтуде.
2020 жылдың шілде айында Жақсы ауылында бұрын 10 жыл бойы жұмыс істемеген аурухана ғимаратын 8 пәтерлі тұрғын үйге қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталды. Бұл жоба ауданның медицина саласының мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Бүгінгі күні нысан құрылысы аяқталу сатысында, нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың желтоқсан айында жоспарланған.
10 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 миллиард теңгені құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың шаршы метр немесе 102,7 пайызды құрады.
– Биылғы жылы біз «Березка» жазғы сауықтыру лагерін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді бастадық. Бүгінгі таңда жоба әзірленіп, ведомстводан тыс сараптамадан өткізілуде, – деді аудан әкімі.
Ауданда көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға көп көңіл бөлінуде. 2020 жылы жолдарды жөндеуге 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаржыға Киров, Киев ауылдарының кіреберістеріндегі жолдарға ағымдағы жөндеу, Жаңақима, Беловодское ауылішілік көше жолдарына жөндеу, Қима-Атбасар облыстық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу, сондай-ақ, Жақсы ауылындағы кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда ауыз су мәселесі де өткір тұр. Осы ретте, 25 елді мекеннің 18-і немесе 72 пайызы бір орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл жұмыстарды ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы Ешім және Новокиенка ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша 2 өтпелі жоба жүзеге асырылды. Новокиенка ауылында нысанның құрылысы бүгінгі күні аяқталды, нысан 2020 жылдың 23 қазанында пайдалануға берілді. Ешім ауылында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу сатысында, объектіні пайдалануға беру ағымдағы жылдың желтоқсан айында жоспарланған.
Аталған ауылдарда контейнерлік үлгідегі суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату бойынша жоспар әзірленді. Мәселен, ағымдағы жылы Терісаққан ауылында кешенді блок-модульдерінің орнату үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Осы жылдың қазан айында Терісаққан ауылында кешенді блок-модульдерін қондырғысы аяқталды, халық ауыз су қажеттілігі үшін сапалы таза суды пайдаланады.
– Жақсы ауылының тұрғындары Белағаш көлінің ашық көзінен суды пайдаланатындығына байланысты, осы жылы «Жақсы ауылында ұңғымалық су тарту және су тарту құрылысы» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, жоба сараптамадан өту сатысында. Сонымен бірге, Перекатное ауылындағы су құбыры желілерін күрделі жөндеу бойынша жоба да әзірленді, – деді Бауыржан Мәлгаждаров.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтып өткеніндей, ауданда бұқаралық спортты дамыту, ауыл жастарын спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуда. Оның ішінде ауылдық елді мекендерде балалардың ойын, спорт алаңдарын орнату жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда Жақсы ауданында Жақсы, Беловодский, Тарасовка ауылдарында алаңдары орнатылса, Қима және Новокиенка ауылдарында бұл демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Жақсы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жобасы әзірленді.
Аудан әкімі өзінің баяндамасында тоқталған тағы бір мәселе, ол ауданның білім беру саласын дамыту. Осы ретте, ауданның білім беру жүйесінде оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, оған 376 компьютерлік техника сатып алынды. Бұл – аудан үшін үлкен көмек екені сөзсіз. Оның ішінде 99 компьютер аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы балаларға берілді. Бұдан бөлек, аудандық бюджет қаражаты есебінен мектептерге 122 бірлік компьютерлік техника сатып алынды.
Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасының және облыс әкімінің қолдауының арқасында ауданның 8 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, Белағаш орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тағы 6 білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарланған.
Брифингте айтылғанындай, ауданда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданған. Коронавирустың бірінші толқыны болған кезде аудандық аурухана базасында 30 орындық «провизорлық» бөлімше ашылды, онда 101 адам емделіпті. Ауданның медициналық мекемелерінде дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарының 2 айлық қоры жасалған. Босандыру бөлімшесі үшін жабдықтар, сондай-ақ, стационарлық және жылжымалы рентген аппараты сатып алыныпты. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету үшін 1 жедел жәрдем көлігі берілген.
– Ағымдағы жылы аудандық аурухана ғимаратының баспалдақтары, қасбеті мен қоршауына жөндеу жұмыстары басталды. Кадр тапшылығы мәселесін шешу және оларды тарту мақсатында ауданда тұрғын үй мәселесі шешілуде, көтерме жәрдемақы және жеке тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз несие төленеді. Сонымен қатар, ауданымыздың 9 студенті аудандық бюджет есебінен еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында білім алуда, – деп қорытындылады Бауыржан Мәлгаждаров.
Брифинг соңында аудан әкімі журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар