Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтың ақыры… - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтың ақыры…

Ақмолалық тәртіп сақшылары жәбірленушінің СИМ-картасын пайдалана отырып, бөтеннің атына несие рәсімдеген алаяқты анықтады.

Ағымдағы жылғы 20 қазанда Бурабай ауданының полиция бөлімшесіне Щучинск қаласының тұрғыны ағымдағы жылдың 3 тамызында белгісіз адам өтініш берушінің телефон нөмірінің сим-картасының деректерін пайдалана отырып, микрокредиттік ұйымда оның атына 71 820 теңге сомасында ақшалай кредит рәсімдегені туралы өтінішпен жүгінді.
Осыған байланысты жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын анықтады, ол қылмысты мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары алаяқтардың сіздің телефон нөміріңізді қылмыстық пайдаланудан қорғау үшін екі СИМ-картаны жинақтауды ұсынады, олардың біреуін тек «қаржылық» істер, банкпен байланыс, банк картасын бекіту және басқа да ақшамен операциялар жасау үшін пайдалану керек. Оны әлеуметтік желілерде, жарнама тақтасында ешқандай жағдайда орналастыруға және үшінші адамға хабарлауға болмайды.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар