Дәулет – чемпион!

Жерлесіміз Дәулет Теміржанов ересектер арасында өткен еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңімпаз атанды. Сөйтіп ол ұлттық құрама сапына қабылданды.

Алматы қаласында ересектер арасында күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге еркін күрес шеберлері шығып, өзара күш сынасты. Ақмола облысынан барған 9 балуанның ішінде 57 келі салмақ бойынша Дәулет Теміржанов чемпион атанып, Ұлттық құрама сапына енді.
Дәулет Теміржанов Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балалардың облыстық мектеп-интернатының түлегі. Ол жоғары спорттық шеберлік мектебінде жаттығады. Жаттықтырушылары Евгений Судейкин, Ерік Жапаров және Фархат Шәйімов.
– Дәулет 57 салмақтағылар арасында жеңіске жетіп, өзінің мықты екенін дәлелдеді. Осындай олимпиадалық салмақта оның үздік атануы тектен тек емес. Бұл біздің спортшылардың деңгейі жоғары екенін көрсетеді, – дейді еркін күрестен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсет Серікбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар