Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңіл көтеру үшін оқ атқан - АРҚА АЖАРЫ

Көңіл көтеру үшін оқ атқан

Ақмола полицейлері Көкшетаудағы атыстан кейін қылмыстық іс қозғады.
Көкшетау қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Абылай хан даңғылында атысқа ұқсас дыбыс естілетіні туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша дереу сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Көкшетау қаласындағы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камераларының арқасында ізін суытпай кінәсін мойындаған үш күдіктіні анықтады. Тәртіп бұзушылар бұл атыстарды Абылай хан даңғылындағы 1-інші үйде көңіл көтеру үшін жасаған. Зардап шеккендер жоқ.
Тәртіп сақшылары тәркілеген аңшының сигналы үшін қосақталған ұшыру құрылғысынан оқ атылғаны анықталды.
Кейінірек 30-31 және 36 жастағы үш ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Альмира МАНАТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар