Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кейбір заңдар жетілдірілуді қажет етеді - АРҚА АЖАРЫ

Кейбір заңдар жетілдірілуді қажет етеді

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы болып өтті. Оған кеңес төрағасы Жабал Ерғалиев пен партияның Көкшетау қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Петр Губчук қатысты.

Алдымен, комиссия отырысының күн тәртібіне сай, Үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Талапкер ауылында бұрын бюджет есебінен салынған электр желісін қайта қалпына келтіру жайы қарастырылды. Аталмыш желіні 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін Ақмола электр желілерін тарату компаниясына кезең-кезеңмен беруді жүзеге асыру жоспарланыпты. Алайда, жұмыстардың біршамасы жүзеге асырылғанымен, аудандық әкімдік белгілі бір заң шеңберінде жұмысты толық орындап шыққан компанияға төленуі тиіс 17 миллион теңге сомасындағы қаржыны аудара алмай отыр. Осы ретте, Целиноград ауданының әкімі, партияның аумақтық филиалының төрағасы Бақытбек Оспанбеков қазынада компанияға берілуі тиіс қаражаттың бар екендігін, бірақ, заң тұрғысынан келгенде кедергілерге тап болып жатқандығын, қаржы және энергетика министрліктеріне хаттар жолданғандығын сөз етті.
Мұндай электрлік станцияларын салып, оны әрі қарай ұстау, пайдалануға беру бо-ғйынша орындалған жұмыстардың ақысын төлеу республика бойынша осылайша дау-
лы мәселе екен. Себебі, біздің заңдарда бұл жағы егжей-тегжейлі ескерілмепті. Құзырлы орган жетекшілерінің есебіне қарағанда, қазір тараптар мәселені шешуге күш салуда. Бірақ, оны шешудің нақты тетіктері айқындалмай жатыр. Сондықтан да, қалпына келтіруді қажет ететін 37 қосалқы станцияға қатысты мәселе әлі де шешілмеген.
–Біз Талапкер ауылындағы қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге келісім-шарт жасадық. Бастапқыда бізге тапсырылған 12 құрылғы жұмыс істеп тұрды. Біз оларды қабылдап алдық, қазір қызмет көрсетіп жатырмыз. Бірақ, әкімдіктен шығындарды өтеуге әлі бірде-бір тиын ала алмай отырмыз. Шығындарды жабуға шамамен 17 миллион теңге қаражат керек. Себебі, біз қосалқы станцияға қызмет көрсетуге 5 адамды жұмысқа қабылдап, бөлімше құрдық, көлік бөлдік, –деді отырыс барысында Ақмола электр желілерін тарату компаниясының бас директоры Александр Павлов.
Ал, аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков болса:
–12 қондырғы қалпына келтіріліп, пайдалануға берілгені рас. «АРЭК» компаниясы қызмет көрсетуде. Келісім-шарт жасалғанымен, өкінішке орай, ол Қазынашылықта тіркеуден өтпей қалды. Өйткені, мұндай ерекшелік құжат бо-йынша сәйкес келмейді. Келісім-шарт пен ақша бар екендігіне қарамастан, төлем жасай алмай отырмыз, –деді.
Бұл мәселе тек қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізілгеннен кейін ғана шешілмекші.
Сондай-ақ, жиын барысында Бурабай ауданында бюджет қаражатының жұмсалуы жайлы есеп тыңдалды. Аудан әкімінің есебінде айтылғандай, мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қазандықтар мен жылу жүйелерін жөндеуге 1 миллиард 372 миллион 555 мың теңге бөлініпті. Осы кезеңде 6 қазандық пен жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген. Барлық жұмыстар қысқы жылу беру маусымына дейін толық аяқталыпты. Жалпы, Бурабай ауданы бойынша бюджет қаражатын жұмсауға қатысты ешқандай ескерту болған жоқ.
Сонымен бірге, отырыста Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Данияр Мадиевтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында түзеу мекемелерінде атқарылып жатқан шаралар туралы баяндамасы тыңдалды. Бұл орайда, отырысқа қатысушылар баяндамашыға түзеу мекемелеріндегі сотталғандардан гөрі, онда қызмет етіп жүрген жас мамандардың, қызметкерлердің жағдайына басым көңіл бөлу керектігін ескертті. Қылмыстық атқару жүйесінде бүгінде шамамен
20-ға жуық маман жетіспейтіндігі де айтылды.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар