Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Калачиден көш келеді - АРҚА АЖАРЫ

Калачиден көш келеді

Ұзақ жыл бауыр басқан мекендерінен көшуге дауасы беймәлім «ұйқы» ауруы себеп болған Калачи  елді мекенінен тағы да жеті отбасы осы аудандағы Заречный селосына көшірілді.

Сегізінші отбасы сырқат болуына байланысты кейінірек ірге теппек. Аудан әкімі Аманбек Қалжанов жаңа қонысқа көшірілген Калачи селосының тұрғындарына жаңа пәтерлерінің кілтін тапсыра келе, жаңа қоныста тезірек үйреніп, түтіндерінің түзу ұшуына тілектестік білдірді. Бұрыннан тұрып жатқан мың жарым тұрғыны бар село адамдары да жаңа келген жұрттың жүгін түсірісіп, қолғабыс етіп жүр. Әрі көш көлікті болсын деп ізгі тілектерін білдіріп жатыр.
Заречный селосы осындағы «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  жана-шыр қамқорлығының арқасында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы әбден жақсарған іргелі елді мекен. Етек-жеңі кең пішілген елді мекеннің ажары айшықты, көшелері көрікті. Қай тарапқа қарасаң да, ұқыпты қолдың табы анық байқалады. Шаруашылығы шалқыған елді мекенде тұрмыс құруға барлық жағдай туғызып отыр. Мұнда мектеп үйі, балалар бақшасы, селолық клуб, спортзал жұмыс істейді. Істеймін деген адамға жұмыс та көп.
Селодағы екі қабатты сегіз пәтерлік үй бірнеше жылдан бері қаңырап бос тұрған болатын. Серіктестік директоры Уәлихан Әріповтың айтуына қарағанда тұрғын үйді жөндеуге және ішкі жиһаз-мүлкін сатып алуға 45 миллион теңге қаржы жұмсалған. Қазір бір кезде бос тұрған үйдің іші-сырты өзгеше өңді кейіпке еніп, кірсе шыққысыз болып жайнап тұр. Жылуы берілген, суы бар. Айтпақшы, Калачи селосынан көшірілген тұрғындар жылу мен судың төлемақысын төлемейді. Оны серіктестік өз мойнына алып отыр. Оны айтасыз, тұрғын үй мен ішіндегі мүлік те тегін берілген. Көшірілген тұрғындардың барлығы зейнеткерлер. Бүгінгі сыйлық Қарттар айлығында көрсетілген құрмет тәрізді.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суреттерде: қоныстанушыларға арналған тұрғын үй; шаруашылық басшысы Уәлихан Әріпов жаңа пәтердің кілтін тапсыруда.
Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар