2020 жылдың 10 айында Қазақстан халқына медициналық сақтандыру бойынша 409 892, 9 мың теңге сомасына 176 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілді. Олардың басым бөлігін жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, нейрохирургиялық және гинекологиялық аурулары бар науқастар алды. Емделген жағдайдың орташа құны – 2 328, 9 мың теңге.
ЖТМҚ-ның 78 түріне қала тұрғындары да, шалғай ауылдар да бірдей қол жеткізе алады. Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – медициналық әлеуметтік міндетті сақтандыру мәртебесі. Егер пациентке қажетті рәсім жергілікті деңгейде қолжетімді болмаса, ол облыстық немесе республикалық клиникаға жіберілді. Жоғары технологиялық медициналық көмекті қалай алуға болатыны туралы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әлия Жүсіпова айтып берді.
–Егер адам өзін жайсыз сезінсе, ол учаскелік терапевтке жүгінуі керек. Ол оған диагноз қойып, одан әрі тексерулерге және мамандандырылған мамандармен кеңесуге жібереді. Хирургия қажет пе, жоқ па деген қорытындыны ЖТМҚ бойынша тиісті дәрігер шығарады. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда пациентті жоспарлы ем алуға дайындайды. Бұл үшін қажетті талдауларды жинауды және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қоюды емхана жүргізеді, – деп атап өтті ол.
Бұл мәселе қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Әрбір пациент ЖТМҚ алғысы келетін ұйымды өзі таңдауға құқылы. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өте алады. 2020 жылы осы қызметтердің 47 жеткізушісімен шарттар жасалды. Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе оны оңалту қағидаларына қатысты сұрақтар туындаса, онда ол 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.