Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал басы көбейіп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Мал басы көбейіп отыр

«Агро Жер-1» серіктестігі биылғы қуаңшылық жазды есепке ала отырып, жер өңдеуге бірден кіріскен болатын. Соның нәтижесінде көзделген жер өңделіп, минералдық тыңайтқыштар мен химиялық дәрі сатып алуға келісім-шарттар жасалды.

Биылғы жылы 27 адам еңбек ететін серіктестік 5,3 мың гектар алқаптағы астықты шашпай төкпей жинап алды. Мұнда негізінен бидайдың «Ақмола-2» сорты өсіріледі. Барлық егістік жердің 15 пайызы парға қалдырылды. Жаз айларындағы ауа райының қолайсыздығы мол өнім алуға кері әсерін тигізіпті. Дегенмен, шаруашылықтың көктемгі егіске жақсы дайындығының арқасында әжептәуір астық алынған екен.
– Биыл қуаңшылық жыл болды. Екі жарым ай бойы жаңбыр жаумады. Гектар берекесі 10 центнерден айналып, орташадан төмен астық алдық. Алдыңғы жылдары гектарынан 14-16 центнерден өнім алып жүрдік. Жылына тұрақты түрде 5-6 мың тонна астық жинайтынбыз. Біздің өңір тәуекелді егін шаруашылығына жатады. Бірақ, алынатын астығымыздың сапасы мен бағасы жоғары. Негізінен, бір тоннасын 90 мың теңгеден сататынбыз. Биыл азық-түлік келісім-шарт корпорациясы бидайдың бағасын белгіледі. Баға кішкене төмендеп кетті. Бүгінгі күні олармен жоспар бойынша есеп айырысып жатырмыз. Үлкен несие алмағандықтан, банктер бізбен жұмыс істемейді. Ауыл шаруашылығы техникаларын Ресейден сатып алдық. Алыс шетелде шығарылатын техниканы сатып алу да жоспарымызда бар. Еңбеккерлер ұжымда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді,–деген серіктестік директоры оларды шөп, сабан, арпа мен сұлы тәрізді мал азығымен тегін қамтамасыз ететіндерін айтты.
Сондай-ақ, мұнда еңбеккерлер тегін тамақтандырылады екен. Науқан кезінде күн сайын монша жағылады. Жалпы, механизаторлар үшін барлық жағдай жасалған. Еңбекақылары уақытында беріледі. Сондықтан, еңбеккерлер серіктестікте тұрақты жұмыс істейді. Біз шаруашылықтың дала қосын аралап көрдік. Мұнда диқандар жаз айларында тұратын жатақхана және асхана орналасқан екен. Сондай-ақ, 3 килоВаттық күн панелі және 2 килоВаттық жел генераторы ұңғыма жұмысы тәрізді тұрмыстық сұранысты толығымен жабады. Жарық та күн батареясы есебінен беріледі. Ауыл шаруашылығы техникалары ангарларда тұр. Тұқым да арнайы қоймада сақталуда. Серіктестік егіншілікпен бірге мал шаруашылығымен де айналысады. Ол үшін 1900 гектар жайылым жер қарастырылған. Мұнда үйір-үйір жылқы, отар-отар қой бағылады. Шаруашылық алдағы жылдары мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Оған мұнда барлық мүмкіншілік бар.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар